Казақстандағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері Глоссарий



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19584
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
СЫБАЙЛАС 

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 

МЕМЛЕКЕТТЕР ТОБЫ 

(СЖҚМТ)

 

1999 жылы Еуропа Кеңесі құрған халықаралық ұйым. Ұйымның негізгі 



мақсаты  –  мүше  елдерге  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте 

көмектесу. СЖҚМТ мемлекеттердің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы стандарттар (талаптар) енгізіп, осы стандарттардың сақталуын 

қадағалайды.  Топ  ұлттық  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясаттағы 

кемшіліктерді  айқындап,  қажетті  заңды,  институционалды  не  жедел 

шаралар ұсынады. СЖҚМТ сыбайлас жемқорлықты айқындап, алдын 

алуға  қатысты  тиімді  шешімдерді  өзара  алмасу  алаңы  саналады. 

Топқа  49  мемлекет  енген.  СЖҚМТ  мүшелігі  Еуропа  елдерімен  ғана 

шектелмейді.  Алайда  қазіргі  кезде  еуропалық  елдердің  ішінен  бұл 

топқа АҚШ қана енген. 



ТРАЙБАЛИЗМ

 

(ағылшын tribalism, tribe – тайпа) – тропикалық Африка сияқты әлемнің 



басқа  да  аймақтарындағы  елдердегі  тайпаларды  атау  үшін 

қолданылатын конституциялық құқық саласының термині. Трайбализм 

белгілі  бір  этникалық  топ  өкілдеріне  басымдық  берілуімен 

(мемлекеттік қызметке тағайындауда т.с.с.) сипатталады, сол арқылы 

бамсқалардың  құқы  шектеледі.  Трайбализм  іс  жүзінде  азаматтардың 

тең құқылы болуына кедергі болады, ол азамат соғыстарына да себеп 

болды  (мысалы,  Руанда,  Сомали,  Либерияда).  Трайбализм 

Қазақстанда  да  орын  алған.  Ол  белгілі  бір  жүзден  не  рудан  шыққан 

адамдардың  ашық  не  жасырын  түрде  бір-біріне  қолдау  білдіруінен 

көрінеді. Сол арқылы сыбайлас жемқорлық дендейді, себебі қандай да 

бір  қызметке  орналасуда  адамның  қабілеті,  кәсіби  шеберлігі  есепке 

алынбай қалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет