Лекция тақырыбы №2. Мемлекеттік басқару негізі 1.Басқарудың үш класы
2. Басқару түсінігі мен басқару қасиеттері
3. Ішкі және сыртқы басқару
4. Өзін-өзі басқару ішкі басқару түрі ретінде
1.Басқарудың үш класы Басқару - биологиялық, әлеуметтік, техникалық ұйымдастырушылық жүйелер қызметі ретінде, олар оның құрылымын сақтауды қамтамасыз етеді, қызметтің нақты бір кестесін қолдап отырады.
Аталған анықтамадан көретініміз, басқарудың үш класы бар:
- жансыз табиғатта (техникалық жүйелерде);
- ұйымдарда (биологиялық жүйелерде);
- қоғамда (әлеуметтік жүйеде).
Техникалық жүйелердегі басқару — ол өндірістік-техникалық процесстерді механизмдерді, машина жүйелерін басқару оны бірінші кезекте техникалық ғылымдар зерттейді. Жанды табиғаттағы және онымен байланыстағы ағзалар өміріндегі процесті басқару, биологиялық жүйені басқаруға жатады. Оны зерттеумен негізінен жаратылыстану ғалымдары айналысады.
Әлеуметтік жүйедегі басқарулар — ол адамдарды басқару. Ол адамдар, біріккен топтар, ұжым мен әр түрлі мүдделері бір топтар әрекетіне әсер етуді қамтиды. Ол әлеуметтік ғалымдарды зерттеу нысаны болып табылады (қоғамдық). Материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және тұтыну барысында адамдар әр түрлі ұйымдасушылық формаларға, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйелерге бірігеді.
Демек басқарудың жоғары және кең тараған формасы адамдарды басқаратын дабыл ретіндегі басқару формасы, команда, алғышарттар, уәде беру және көптеген басқа да нәрселер ретіндегі жекелеген адамдар, ұжым, отбасы, тұрғындар, қоғам болып табылады. Адамдарды адам тарапынан басқару қазіргі заманғы әлемде ең бір көп таралған басқару процесін көрсетеді.
2. Басқару түсінігі мен басқару қасиеттері Басқару дегеніміз ол адамның қоршаған ортадағы онымен байланыстағы адамдарға нақты бір бағыт беру үшін және қажетті нәтижеге қол жеткізудегі әр түрлі нысандарға саналы түрдегі әсері болып табылады.
Басқару әсері бағытталған нысан түріне қарай, әсер етілетін адамдар тобынан басқарушылар қоғамды, мемлекетті, өндірісті, кәсіпорынды басқаруды, үй шаруашылығын басқаруды және басқа да ұқсас басқаруларды жеке айырып қарайды.
Жоғарыда аталған «басқару» түсінігіне тереңдей келіп оның маңызды аспектілерін тереңдеп айтамыз.
Біріншіден, басқару дегеніміз ол саналы түрдегі процесс, яғни басқарушы тұлға басқару барысындағы әсер түрін және әсер ету құралдарын алдын ала анықтап алды, яғни сана жемісі ол инстинкт немесе бақыланбайтын эмоция емес.
Екіншіден, басқару дегеніміз ол энергетикалық әлсіз, негізінен нысанға ақпараттық әсер ету. Мысалы, адам нысанға физикалық түрде әсер ететін болса, затты бір орнынан екінші орынға қозғайтын болса, онда ол әсер ету нысанды немесе құралды басқару болып саналмайды. Ал егер де адам команда беретін болса немесе қолымен рөлді бұратын болса, онда соның салдарынан қуатты құралды әрекетке әкелетін болса, ал адамдар әрекетке жұмылатын болса, ол басқару болып табылды.
Экономиканы, өндірісті басқарудың қалтқысыздығы бірге жұмыс істейтіндердің еңбегін координациялау, ұйымдастыру қажеттілігінен шығады. Басқару саласындағы танымал маман Питер Ф. Друкер былай деген болатын "басқару дегеніміз ол ерекше қызмет түрі, ол ұйымдаспаған топты тиімді мақсатты түрде әрекет ететін өндірістік топқа айналдырады ". Сонымен қатар басқарудың қажеттілігін К. Маркс та көрсетіп берген болатын, ол былай деп жазды: "Қандайда болмасын аса ірі көлемде жүзеге асырылатын тікелей қоғамдық бірлескен еңбек үлкен немесе шағын басқаруға мәжбүр, ол жеке жұмыскерлер арасында келісімділікті орнатады және жеке әрекет еткенге қарағанда барлық ағза әрекетінен туындайтын жалпы қызметін атқарады. Жекелеген қобызшы өзін басқарады, ал оркестр дирижерге мәжбүр".
Әлемдегі ертеден болып жатқан еңбекті бөлу басқаруды жеке әрекет түрі ретінде көрсетіп отыр, басқарушылық еңбекті спецификалық, кең тараған, жалпы түрдегі еңбекпен айналысу түрі ретінде бөліп қарастыруға алып келді. Басқаруға қамтылған жұмыскерлер үлесінің артуы байқалып отыр, себебі басқару еңбегінің өнімділігі материалдық өндірістегі еңбек өнімділігіне қарағанда аз қарқында артып келеді, ал басқару міндеттері де артып отыр. Басқару ірі саланың бірі ғана емес, сонымен қатар ол экономика мен қоғамдық өмірдегі ірі саланың біріне айналып отыр.