Күбішеде 210 бақа бар. Бақаның үшінші бөлігін Мәдияр торлы дорбамен ұстап алып, өзенге жіберді. Ал қалған бақаларды



Дата22.12.2023
өлшемі21,98 Kb.
#142502

Күбішеде 210 бақа бар. Бақаның үшінші бөлігін Мәдияр торлы дорбамен ұстап алып, өзенге жіберді. Ал қалған бақаларды ол басқа торлы дорбаға салды. Әр торлы дорбада қанша бақадан болды? 70
Натурал сандар қатары жазылған: 1,2,3,...,98,99. Бұл сандардың жазылуында 5 цифры неше рет кездеседі? 20
Жаңа сырланған 12 парта мен сырланбаған 5 парта болатын. Марат жаңа сырланған бірнеше партаға отырған кезде, таңбасыз 7 парта қалды. Барлығы қанша және қайтадан қанша парта сырлау керек? 10
Қарға 50 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат ұшты. Сауысқан осындай арақашықтықты 2 сағатта ұшып өтеді. Сауысқан қандай жылдамдықпен ұшады? 75
40 литр шырынды 8 құтыға құйды. 35 литр шырынды құюға осындай құтының қаншасы қажет болады? 7
Егер Данияр бір шоколад сатып алса, оның 30 теңгесі қалады, ал оған әлі екі шоколад алу үшін 90 теңге жетпейді. Шоколад қанша тұрады? 60
Клубта 25 қатар бар. Әрбір қатарда 45 орын бар. 690-шы орын қай қатарда? 16
Үш таңбалы сандардың ішінде 1 және 2 цифрлары арқылы жазылатын неше үш таңбалы сандар бар? 8
Мен қарбызды 8 бөлікке бөлдім, содан соң оның алтауының әр қайсысын үш бөліктен тұратындай етіп бөлдім. Алынған қарбыздың 14 бөлігін таратып жіберсем өзіме қанша бөлігі қалады? 6
Құдықтың тереңдігі 21 метр. Құдыққа түскен құрбақа сыртқа шықпақшы. Ол күндіз 5 метр жоғары тырбанады. Түнде шаршағандықтан 2 метр төменге сырғанайды. Құрбақа неше күнде құдықтан шыға алады? 7
Сағаттың минуттық тілінің ұшы сағаттық тілінің ұшына қарағанда қанша есе тез жүреді? 12
Сұлтанның кеудешесінің екі қалтасында бірдей 46 түрлі теміртерсектер жиналған. Осындай темір-терсектер желеткенің 4 қалтасында, жейденің 3 қалтасында, шалбардың екі қалтасында, бәрі қанша болады? Ал егер орташа есеппен бір темір 100 г тартса, онда Сұлтанның салмағына қосымша қандай салмақ қосуға болады? 45 кг
Құмырсқа күндіз ағаштың басына қарай 4 м көтеріледі, ал түнде 2 м төмен түседі. Ол 10 м ағаштың басына қанша күнде жетеді? 4
1, 2, 3 цифрларынан цифрлары қайталанбайтын барлығы неше екі таңбалы сан құруға болады? 6
Жәшікте түстері әртүрлі 70 шар жатыр: 20 қызыл, 20 көк, 20 сары, қалғандары – қара және ақ. Жәшікке қарамай неше шар алғанда кемінде бір түстен 10 шар шығады? 38
5 Тауық 5 күнде 5 жұмыртқа туды. 15 тауық 15 күнде қанша жұмыртқа туады? 45
Бір тәуліктің ішінде сағаттың минуттық және сағаттық тілдері бір-бірімен қанша рет перпендикуляр оналасады? 44
Сыныпта 25 оқушы бар, 17 оқушы ағылшын тілін біледі, 15-і француз тілін біледі. 3 оқушы ағылшын тілін де, француз тілін де білмейді, Сыныпта неше оқушы екі тілді де біледі? 10
Бір тәулікте сағаттың минуттық және сағаттық тілдері неше рет беттеседі? 23
9 қабатты үйдің 2 подъезі бар. Әр қабатта 4 пәтерден орналасқан. Үйде қанша пәтер бар? 72



  • 30



Көке және Жөке жаңғақ шағьп отырды. 20 секундта Көке 20, ал Жөке 10 жаңғақ шақты. Көке мен Жөке 90 секундта қанша жаңғақ шағады?
135
Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа тапты. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады?
48
Бақа мен оның баласы бірге 29 шыбын жеді. Бақаның баласы бақаға қарағанда жеті шыбын артық жеді. Бақаның баласы неше шыбын жеді? 18
Әкесі 41 жаста, үлкен баласы 13 жаста, қызы 10 жаста, ал кіші баласы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы оның үш балаларының жастарының қосындысына тең болады? 6
Шеңберге үш сыныптан екі қыздан және 2 сыныптан 3 ұлдан тұрды. Шеңберге барлығы қанша бала тұрды? 12
Саян мен оның 6 досында 23 әйнек шар бар. Олардың ешқайсысының шарларының саны Саяндікінен кем емес. Саянда ең көбі неше шар болуы керек. 2
Бір үйдің 9-шы қабатына баратын жол сол үйдің үшінші қабатына баратын жолдан неше есе ұзын? 4
Егер қыздар бір-біріне хат жіберетін болса, онда 4 қыз қанша хат жазады? 12
Егер барлық қол алысып сәлемдесу 10-ға тең болса, онда қанша адам қол алысып сәлемдескен? 5
Қайсыбір айда үш бейсенбі жұп сандармен аяқталды. Осы айдың 18-сы аптаның қай күні еді? Сенбі


3 728 054 196 санында қандай үш цифрды сызып тастағанда қалған цифрлар көрсетілген тәртіпте ең кіші жеті таңбалы санды өректейді? 2854196
Консерві құтысы бар екі бірдей жәшіктің салмағы 140 кг тартады. Консервісі бар жәшікке қарағанда қырыққабаты бар бір бөшке 50 кг-ға ауыр тартады. Қырыққабаты бар төрт бөшке қанша тартады? 480 кг
5 дос бір-бірімен суреттерін алмасты. Олар бір-біріне неше сурет берді? 20
Қараңғы бөлмедегі қапшықта 5 ақ шар және 2 қара шар жатыр. Қапшыққа қарамай алғанда бір қара шар шығу үшін кемінде қапшықтан қанша шар алу қажет? 6 шар


Бәйтеректің «алтын шарына» дейінгі биіктігі 97 м, ал жалпы биіктігі 105 метрге тең. Сонда «алтын шардың» диаметрі қанша екен? 8 м
2 шыныаяқ пен 2 құмыраның салмағы 14 табақшаның салмағымен бірдей тартады. Бір құмыраның салмағы бір шыныаяқ пен бір табақшаға тең. Қанша табақшаның салмағы бір құмыраға тең болады? 4
12 монетаның біреуі жалған, оның салмағы басқаларына қарағанда ауыр не жеңіл екені белгісіз. Гирсіз (тастары жоқ) таразыда неше рет өлшеу арқылы жалған монетаны анықтауға болады? 6
0 мен немесе 5 пен аяқталатын 100-ге дейінгі барлық сандардың қосындысын табыңдар. 1050

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет