Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет246/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

әлеуметтік факторлардың  бірінші орынға тұрғанын көрсетіп
отыр.
Жоғарыда   біз   азды-көпті   мәдени-әлеуметтік   факторға
тоқталдық,   ендігі   сөз  лингвистикалық   фактор  туралы.
Қазіргі   қолданылып  отырған   әліпбиімізде   42   әріп   бар.   Қазақ
тілінің   фонологиялық   жүйесінде   мағына   ажырататын   негіз-гі
дыбыстардың   саны   29   (9   дауысты,   19   дауыссыз)   бола   тура
әліпбидегі   әріптің   санының   42   болуы   ешбір   лингвистикалық
өлшемге сыймайды.
Әріптің саны негізгі дыбыстардың санынан екі есеге жуық
асып кеткен. Бұл – әліпбидің оңтайлы, тиімді екенін көрсететін
лингвистикалық   критериймен   мүлде   үйлеспейді.   Әліпбидің
тиімділігін   бағалаудың   критерийі   бойынша,   әліпбидегі
әріптердің саны негізгі дыбыстардан соншалықты алшақ кет-
пеуі керек, негізгі дыбыстармен тең түсіп жатса дұрыс, ал әріп
саны   негізгі   дыбыстардан   аздап   кем   болса,   одан   да   жақсы
болып есептеледі. Мысалы, А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі (төте
жазу)   әріптің   саны   негізгі   дыбыстан   кемірек.   Орыс   тілі
әліпбиіндегі әріптің саны негізгі дыбыстардан аз, сол сияқты
ағылшын, не-міс т.б. елдердің әліпбиіндегі әріптің саны негізгі
дыбыстардан әлдеқайда кем:
306
307


Орыс тілінде
негізгі дыбыстар 41
әріп саны 33
Ағылшын тілі негізгі дыбыстар 45
әріп саны 26
Француз тілі
негізгі дыбыстар 35
әріп саны 26
Қазақ тілі
негізгі дыбыстар 28
әріп саны 42
Әліпбидегі  әріптердің  саны шамадан  тыс  көп болуы   мек-теп
табалдырығын   аттаған   оқушыларымызға   да   оңай   тимейді.   Ана
тілінің   дыбыстарын   бейнелейтін   әріптерді   мектепке   келген
балдырғандарымыз дыбысқа (уәжге) сүйеніп, тез үйреніп алады.
Сөйтіп дыбыс пен әріптің байланысы оқушы санасында  білімге
айналады.   Ал  ъ,  ь,  ц,  щ,  …   тәрізді   таңбаларды   дыбыстық   уәжі
болмағандықтан, жаттап алуына тура келеді. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттап, миға салмақ түсіреді. Бұл
–   мәселенің   лингвистикалық-психологиялық   жағы.   42   әріппен
байланысты   бұл   қайшылықты,   әсіресе   ұстаздар   қауымы   жақсы
біледі.   Бұл   жайт,  жоғарыда   айтқанымыздай,   кирилше   әліпбидің
түкке   алғысыздығынан   емес,   я   болмаса   кирилшені   әуелде
тіліміздің жүйесіне сай етіп ұқсата алмаған тіл мамандарының да
кемшілігі емес. Қазақ лингвистерінің кәсіби біліктілік деңгейі қай
кезде   де   төмен   болған   жоқ.   Әліпбидегі   түйткілдің   түп-та-мыры
тоталитарлық   жүйенің   Кеңестер   одағындағы   тілдерді,   ұлттарды
бірте-бірте   ассимиляциялау   саясатымен   байланыс-ты   болды.
Кеңестік   кеңістікте   халықтарды   бір   тілге   көшіріп,   Бабыл
мұнарасын орнатып, көктегі коммунизмге қол жеткіз-бек болған
идеологиялық   қысымның   салдарынан   кирилше   әліпбиіміз
бұрмалауға түсті. Қазақ әліпбиіне енгізілген в, ъ, ь, ц, щ … тәрізді
әріптер   алдымен   халықаралық   терминдерді,  со-ветизмдерді,
онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясы-мен жазу үшін
енгізілген.   Сонымен,   қазақ   әліпбиі   таза   ұлттық   әліпби   болмай
қосамжар   әліпби   болды.   Қазақ   орфографиясы   да   сиям   егіздері
сияқты қосамжар орфография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде
қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің бөркін киген сөздер
аралас-құралас   жүрді.   Сөйтіп,   советизмдерді,   ин-
тернационализмдерді,   онимдерді   Орталық   орыс   орфографиясы-
мен бұлжытпай жазу үшін  ч,  щ,  ю,  я,  ъ,  ь,  ц  …  тәрізді әріптерді
енгізуге тіл мамандарын мәжбүрледі.
Шын мәнінде жазба коммуникация үшін 28 әріп те жеткілікті
еді. Ал 13–14 әріп шеттілдік сөзді орыс орфографиясымен жазу
үшін әліпби құрамына кіргізілді. Сөйтіп, емле жүйесі басқа
тілдің   ережесіне   кіріптар   болып   қалды.   ¤ркениетті   елдердің
әліпбиіндегі   әріптер   әдетте   өздеріндегі   негізгі   тілдік   дыбыс-
тарды (фонемаларды) таңбалайды, ал басқа тілдің сөзін жазу
үшін арнайы әріп сайлап қоймайды. ¤здерінің төл сөздеріндегі
дыбыстарды белгілейтін әріппен шүршіттің сөзі болса да жаза
береді.
Сонымен,   қазақ   әліпбиіндегі   дыбыстардың   бір   бөлігі   қазақ
тілінің,   екінші   бөлігі   орыс   тілінің   дыбыстарын   белгілейтін
құранды   әліпби,   қосамжар   орфография   болып   шықты.   Бұның
салдарынан шеттілдік сөздерді дыбыстық жақтан игерудің тіл-дік
механизмдері   жұмыс   істемей   қалды.   Тіл   тегершіктерінің   бірі
жұмыс   істемей   қалса,   бұл   –   дабыл   қағатын   жай.   Орыс   тілінен
енген сөздер қазақ тілінің дыбыс жүйесімен жымдасып, жара-сым
табудың   орнына   алабөтен   оқшауланып   қалды.   Бұрынғы   кезде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет