құлаққа шалынатын дыбыс реңктерінің (түрленімдерінің) іші-нен
негізгі дыбыс реңкіне таңба арнау қиын болды: дыбыс көп, әріп аз.
Ал қанша дыбыс реңкі болса, сонша әріп алу мүмкін бола бермеді.
Өзара ортақ белгілері бар дыбыс қатарын бір әріпке теліп қою
қандай шартты болса, оның сондай шеберлікті керек еткені, керек
ететіні ашылды. “өздігінен ешқандай мағына бермейтін осыншама
кішкентай элементтің қатысуымен сөз жа-сауды қалай ғана біздің
арғы ата-бабамыздың ойлап тапқаны әлі күнге дейін жұмбақ
(Панов Е.Н. 1983:231).
Бірақ дыбыстан әріпке барар жол алыс еді. Ол жолда “өткел”
болды, ол өткел ауыздан шыққан дыбыс тізбегін сүзіп, та-
нып, таңдап отыратыны білінді. Сөйтіп, дыбыс түрлері көп
болғанмен
дыбыстың асылы (Е.Омаров термині) ғана әріп-
таңбаға ие болатыны белгілі болды. Сонда сөйлеуді жазуға,
жазуды сөзге айналдыратын код және оның кілті – әліпби сол
тілдің фонологиялық құрамына тірелді. Сөйтіп, әліпби мен
графиканың, орфографияның негіздерін іздеу жолында
фонема
Достарыңызбен бөлісу: