Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесі (мысалы,
көптік жалғауының қазақ сөйлеу тілінде 9 варианты бар) бір
тұрпат межесіне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын
көруге болады: 9 <лар, лер, лөр, дар, дер, дөр, тар, тер, төр> /
1<лар>.
Сөз болып отырған жазу емлесі морфологиялық ұстанымға
негізделді. Дегенмен, ерін үндестігінің позициялық түрленімі-нің
таңбалануы,
орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң
езуліктердің айтылуы бойынша түсіріліп жазылуы, ин-тервокал
позициядағы <қ> фонемасының /х/ әрпімен (
йахшы, йарылханыб,
ахыры, ахшар)
берілуі, /қ/, /ғ/
әріптерінің жуан дау-ыстылармен
іргелес жазылуы араб жазу дәстүрінен қазақ тілінің өзіне тән жазу
жүйесі түзіліп келе жатқанынан хабар берді.
Бұл кездегі емле дәстүрі, негізінен, мыналар дейді Г. Ма-
мырбекова:
1. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер сол тілдердегі негізгі
тұлғаларын сақтап қолданылған.
2.
ж әрпі орнына
и таңбасы,
с әрпі орнына
ш таңбасы жазы-
лып кеткен.
3. Түбірдің соңы қандай дыбыс болса да қосымша ұяңнан не
үндіден басталған.
4. Дауысты дыбыстардың алдынан үнсіз алиф пен дыбыстық
мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: