Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет140/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Н.Ф.Яковлев:  «…  твердость   гласных   в   этих   примерах
всегда  сопровождается  твердостью  приведенных согласных и
мягкость гласных звуков – мягкостью согласных».
2)  А.Байтұрсынұлы:  «… сөз екі түрлі бір түрі жуан, екін-
ші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан
болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке бо-
лады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір ақ
түріне кіреді».
Н.Ф.Яковлев: «… как гласные, так и парно различаемые по
признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах од-
наго и того же слова могут быть в языке этого типа или только
твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах однаго и
того   же   слова   не   может   быть   одновременно   и   твердых,   и
мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в
языке парное различение по твердости – мягкости».
«Н.Ф.Яковлевтің   бұл   сөздері   де»   дейді   М.Жүсіпұлы,
«А.Байтұрсынұлының ойын қаз қалпында сақтаған. Егер біз бұл
цитатаны қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, сол ой – сол ой болып
қалады,   яғни   мағыналық   өзгерістер   сезілмейді,   бірақ
Н.Ф.Яковлевтің осы ойды жазғанында көп сөзділікке ұрынып кет-
кендігі айқын байқалады. Н.Ф.Яковлев еңбегінде математикалық
формулаға   бөліп,   ұсынған   алфавит   жасау  принциптері   (ғылыми
тұжырымдары)   А.Байтұрсыновтың   алфавит   жасау   принциптері-
нен (ғылыми тұжырымдарынан) айнымайды. Бар айырмашылығы
тек  жазу (дәлелдеу)  дағдысында:  А.Байтұрсынов  өзінің  алфавит
жасау   принциптерін,   ойларын   математикалық   формулаларының
таңбаларымен   белгілемесе   де,   математикалық   дәлдікпен   берген,
сондықтан   ғылыми   ізденістерінің   қорытындылары   көпшілікке
түсінікті,   ұтымды   шыққан.   Н.Ф.Яковлев   сол   принциптерді,
ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайда-ланып
жасаған.   Ал,   әріп   санының   айырмашылығының   себебі   мынада:
А.Байтұрсынұлы  қ-ғ,  к-г  дауыссыз дыбыстарын жеке фонемалар
деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да,
184
185


артикуляциялық жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие,
сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан
соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н.Ф.Яковлев бұл дау-
ыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері (вариациялары) деп
түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған».
Проф.  Н.Уәли:  “Таңба   теориясы   тұрғысынан  алғанда   бұл
жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпы халықтық тілдің
бір формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бір-
ліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бір-
ліктерін белгіледі” деп бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет