қосымша таңбаларды қолдану: нүкте, нүктелер, үтір; тура,
имек, дөңгелек, т.б. сызықтар. Қосымша таңбалар әріптің
негізгі таңбасының үстінен, астынан, сол жағынан немесе оң
жағынан орын алады.
7. Араб тілінде артикуляциялық және акустикалық экви-
валенттері жоқ қазақ сингармофонемаларын жазуда таңбалау
үшін араб графикасының негізінде жасалған жаңа әріптерді
қолдану.
8. Қазақ тілінде артикуляциялық және акустикалық эквива-
ленттері жоқ араб дыбыстарының (фонемаларының)
таңбаларын сингармофонемалық алфавитте пайдаланбау.
9. Араб графикасының әрбірі – таңбалар қоры. Сөз
құрамындағы позициясына
байланысты бір әріптің негіз-
гі көрінісі (сурет бейнесі)
өзінің бірнеше варианттарында
(графикопозициялық түрлерінде, нұсқаларында) жазылады.
10. Түсініктілік.
11. Жеңілден – қиынға.
12. Белгіліден – белгісізге.
Алфавит пен орфографияны сингармофонологиялық
көзқарастың негізінде жасау қазақ тілі әрпі санының үнемделуіне
(көп болмауына) себеп болды. Яғни А.Байтұрсынов жасаған қазақ
тілі алфавитінің құрамындағы әріптер саны алдымен 24 таңбадан
және 1 дәйекшеден құрастырылады. Қазақтың сингармоникалық
сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық
қамту үшін осы 24 әріптен және 1 дәйекшеден тұратын алфавитті
таңбалар саны жеткілікті болды.
...А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша дүниеге келетін қазақтың
жаңа графикасы, әліпбиі және орфографиясы қазақ тілі дыбыс
қорының сөйлесім процесіндегі сингармониялық қасиеттерін дәл
көрсететін болу керек. Бұл ойды іске асыру үшін, біріншіден,
қазақ
индивидінің
басындағы
сингармофо-немалар
психобейнелерінің санын, екіншіден, оларды жазы-лымда
белгілейтін нақты таңбалардың санын анықтау керек еді.
А.Байтұрсыновтың бұл көзқарасының негізін іздейтін болсақ,
онда әліпби авторының алфавит пен орфографияны жасаудың
жоспарын түзгенінде-ақ, фонологияның маңызды принципі – әр
фонемаға – әріп принципін медеу тұтқандығы айқын байқалады.
Яғни А.Байтұрсыновтың бұл мәселені ше-шудегі негізгі ғылыми
бағыты – жеке сингармофонемаға – жеке әріп (жеке таңба) түсінігі
еді. Осындай биік ғылыми көзқарас
А.Байтұрсыновтың сингармоалфавит пен сингармоорфогра-фияны
жасау үшін тілді ұзақ әрі тыңғылықты зерттеп дайын-дау
барысында оның ұтымды жолдарын қарастырумен қатар, қазақ
(жалпы түркі) тілі әлемінің өмір сүру дағдысына бейімдей
түскендігін дәлелдейді. Сингармофонологиялық көзқарасты не-
гізге алғандықтан тілдегі сингармофонемалар санын, олардың
позициялық сингармотүрлерін анықтауға, сингармофонема-ны –
сингармодыбыстар қоры деп түсінуге, сол дыбыстар қорын
(фонеманы) бір әріппен таңбалауға мүмкіндік туды. Бұл жағдай
жазылымда бірнеше сингармофонемаларды бір әріппен
белгілеуден және бір сингармофонеманы бірнеше әріппен
таңбалаудан құтылу мүмкіндігін дүниеге әкелді. Консонантизм
құрамында А.Байтұрсынов сингармоезужан дыбысталатын
[ғ],
Достарыңызбен бөлісу: