Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет18/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Сана мен тіл.  Жалпы психология санада пайда болған  ұғым
алдымен адам миына келіп түскен сигналдарды қабылдау арқылы
түйсіктен   басталып,   елес,   түсінік,   ой,   ұғымға   ұласатынын
көрсетеді.   Сонда  мұндағы  ой  адам санасы мен  тіліне қарағанда
кең ауқымды қамтитынын білдіреді. Ойлау сезімдік, абстрак-тілік
формаға көбірек бейім болса, сана оның мазмұндық жағын алады.
Бұл тұрғыда ойлау сөйлеуге, сана тілге жақын. Сана тіл арқылы
жасалып, тілді қолдана отырып дамиды. Ойлау мен сөйлеу жеке,
сана   мен  тіл  жалпы   болатыны  сондықтан.   Әркім  өзінше  ойлап,
өзінше сөйлеуі мүмкін, бірақ мұның бәрі жалпы тіл (ұлт тілі) мен
жалпы сананы (ұлттық сана) құрайды. Сана
– инвариант, ойлау – вариант болатыны сияқты, тіл – инвари-ант,
сөйлеу   –   вариант   болады.   Сана   –   бүкіл   этностың,   әлеуметтің
ғасырлар бойы жасаған ой еңбегінің нәтижесі. Сол сананы жеке
адам ойына көшіру тіл (сөйленім) арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет