һ әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пікір,бірінші буыннан
басқа буынға ә әрпін жазбау, орыс тілінен енген сөздердің
соңғы буынына қарап қосымша жалғау сияқты пікірлер
тұрақтана бас-тайды.
Ал э таңбасын ұ таңбасымен ауыстыру туралы ұсыныс
1951ж. 15 тамызында ресми түрде қабылданады (э – ұ).
1957ж. Қазақ тілі негізгі емле ережелері қабылдағанға дейін
қазақ жазуының тарихында бірнеше ұсыныс болған. Оның
алдыңғысы 1939ж. әліпби жобасы, 1940ж. емле жобалары бол-
са, соңғысы 1953ж. 28 ақпанда “Қазақстан мұғалімі” газетінде
ұсыныс ретінде жарияланды. Әліпбиде 40 әріп рет санымен
бел-гіленді, ә әрпі е таңбасынан кейін орналастырса да,
әліпбидің рет санына алынбады. Ал һ әрпі алфавитте болмады.
Әліпбедегі әріп реті қазіргі әліпби тәртібімен бірдей. Ереженің
1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының арасындағы
өзгешеліктерге на-зар аударайық (6-кесте).
6-кесте – Ереженің 1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының
арасындағы өзгешеліктер