Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет224/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Көне түркі графикасына ауысайық деген бағыт айнала-
сына   шоғырланған   пікірлер   арасында   проф.   Ә.Жүнісбековтің
ұсынған әліпбиі ерекше. Ғалым әліпбиінің жазу графикасы тік,
көлбеу және қиғаш үш сызықтан ғана тұрады, ал жуан дауысты
үшін бір қиғаш сызық, жіңішке дауысты үшін екі қиғаш сызық
алынған.   Әліпби   негізі   дауыссыздарға   табан   тірейді.   “Тұрқы
бөлек жазудың шәкірт санаға тіл шығарар және психологиялық
әсері болады. Сөйтіп барып, баланың тілінде ана тілдің айтылу
үлгісі қалыптасады, бір қалыптасып алған соң ол оңайлықпен
бұзыла да қоймайды” дейді ғалым (Жүнісбек Ә. Төл жазусыз
түгелдік болмас // АТ. 16.01.92).
Көне түркі графикасына көшуді сатылап жүзеге асыруды, ол
үшін алдымен латын графикасына көшіп, келесі онжылдықта
түркі жазуына түбегейлі өтуді көздейтін теориялық көзқарас та
болды (Жақыпов Ә. Біз бет түзер бағдаршам // АТ. 9.12.93). Және
қазірден   бастап   көне   түркі   жазуына   көшуді   ұсынғандар   бар
(Сыпатайұлы   С.   Ата   жазуымызды   асқақтатайық   //   АТ.  9.12.93;
Мектеп-тегі Аманқос. Ежелгі руна жазуы – мемелекеттің рәмізі
// ҚӘ. 18.10.02).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет