Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


У, u қосар дыбыс таңбаларын қалай беруге болады?



Pdf көрінісі
бет238/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

У, u қосар дыбыс таңбаларын қалай беруге болады?
Қазіргі   графикамыздағы   қосар   дыбыс   таңбасын   беретін  у,  u
таңбалары 30жж. проф. Қ. Жұбановтың ұсынуымен, кейін 1952ж.
проф.   М.   Балақаевтің   қолдауымен   әліпбиге   енгені   белгілі.   Қ.
Жұбановтың “Қосар ма, дара ма?” деген мақаласында “уу, үу, ұ, ү,
у  әріптерімізбен   таңбалап   жүрген   түрлі   дыбыстардың   бәрі  де
жалғыз у мен көрсететін жерлері болушы еді. …Бұл үлкен шатақ
еді.  Осы  шатақтан  құтылмақ  болғандағы қарманғаны  әлгі қосар
әріптер болады. Бірақ шатақтан құтқару орнына әлгі қосар әріптер
одан   әрі   қосарлана,   шатақты   шиеленістіре   түсті”   деген   жолдар
бар.   Қосар   әріпті   жақтаушыларға   қарсы   Қ.Жұбанов   бір-неше
дәлелдер   келтіреді.   Мысалы,   егер   қосар   әріптің   соңғысы
дауыссыз, сондықтан одан кейін дауысты дыбыстар келеді де-
генге таулы, қойлы, шідерті, қайсы, анаусы сөздерінде өзгеріп
жалғанып тұр, у, й дыбыстары о бастан қосар, себебі су – суғ,
бу – буғ, тій – тег, би – бег болған дегенге бұл дәлел емес,
себебі  сариғ  –  сары,  тірік  –  тірі,  торық  –  торы  болып   қосар
дыбыстардың   біреуі   түсіп   қалады   екен   деп   қосар   әріп   іздеп
отырған   жоқпыз  дейді.   Ғалым  өзі   өмір  сүрген   кезеңдегі   оқушы
қатесінің көбі  ый,  ій  әріптері болып отыр дейді (Бір қызығы екі
дыбыстың орнына бір таңба жазатын қазіргі жазуымызда да осы
әріптердің емлесі қиындық тудыратынын айтады ғалымдар).
300
301


Сөйтіп, ғалым төрт әріптің (ұү, үу, ый, ій) орнына екі әріп жазуды
ұсынған еді. Бұл көзқарас қазақ тілі білімпаздарының біразының
әсіресе,   1940ж.   Жаңа   әліпбиді   түзуші   проф.   С.   Аманжоловтың
пікір қарсылығын тудырғанмен (Аманжолов С. Еміле ережесі мал
емес // АТ. 2001, 18.VII) қазіргі графикамызға қабылданды.
2013 жылы үкімет қарауына ұсынылған негізгі 2 жобаның
бірі проф. Ә.Жүнісбектің әліпбиінде  и,  у  әріптерінің таңбасы
болмаса, екінші жоба – проф. З.Базарбаеваның әліпбиінде бар.
Жазуды   зерттеген   алғашқы   жылдарда   біз   де   дара   әріппен
таңбалауды жөн көрдік. Себебі сауат ашу ісінде и, у әріптеріне
қатысты   қиындық   жоқ.   Сөз,   буын   бойындағы   дауысты
таңбалары   арқылы   дыбыстың   жуан,   жіңішке   екені   оңай
айрылып келді. Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыз дыбыс жеке
айтылғанда  ы  дауыстысын қосып айтады (бы,  пы,  ыл,  жы…).
Бірақ   жазғанда   таңбаланбайды.   Егер   бұларды   бір   деңгейде
қарасақ,  у/и  әріптері   сияқты   басқа   да   дауыссыздар   таңбасы
жеке   таңбаланғанда   (б,   т,   с…)   қосар   дыбысты,   дауыстымен
іргелес келгенде дауыссыз дыбысты береді.
Егер жазу көзбен көрінетін таңбаларды шартты түрде қолдану
арқылы   адамдар   арасындағы   коммуникацияның   жүйесі   болса,
ортақ,   келіскен   әріп   жазылған   сөзді   ауызша   тілге   айналдыруға,
дыбысталғанды   таңбаға   түсіруге   кедергі   келтірмесе   және   жазу
экономиясына   сай   келсе   (төрт   әріптің   орнына   екі   әріп   жазсақ),
онда екі дыбыстың орнына бір таңба салудың жазу теориясы-на
кереғарлығы   жоқ   деп   ойлайтынбыз.   Сол   себептен   де   1929ж.
жазуға түзету енгізілгенін мойындауымыз керек.
Т.А.Амирова   алфавит   графикалық   символдардың
(әріптердің)   тізімі   ретінде   “код-делдал”   техникалық   аппарат
болып табыла-ды. Ол сөзді жазуға  немесе керісінше аударып
отырады   деген.   “При   этом   важно   отметить   следующую
закономерность : чем больше множество единиц алфавита, тем
меньше   множество   комбинаторных   и   позиционных   правил   в
графемной системе и наоборот” деген.
Ә.Жүнісбек   әліпбиіндегі  y   –  латыншада   [wai],   бірнеше
мағынасы   бар,   яғни   [   i   ]   дыбысын   беретін  (symbol,   myster-
құпия,  symphony, any,  ready,  lady),  сөз басында  [ j ]  дыбысын
беретін (you, youth, yes) – әріп қазақ сөздеріндегі дауыссыз, үнді
<й> фо-немасын береді.
Ал [ый], [ій] дыбыс тіркесін таңбалайтын  «ұзын и», «дау-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет