Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


болып тіркесе ме, әлде ыу, іу болып тіркесе ме?



Pdf көрінісі
бет169/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   196
болып тіркесе ме, әлде ыу, іу болып тіркесе ме?
302
303


<у> фонемасы, проф. Ә.Жүнісбек анықтағандай, ерін-ерін-ді,
тоғысыңқы, үнді дауыссыз өзге дауыссыздардан алдынан не
соңынан [ұ] дыбысын қосып айтуымен ерекшеленеді (басқа да-
уыссыздар қысаң, жуан езулік [ы] дыбысын қосып айтады). Бір
қызығы, ХХ ғасырдың басында – қазақ орфоэпиялық нормасы-на
«сызат түспеген» дәуірде А.Байтұрсынұлы бұл позициядағы
инвариант дыбысты <ы> деп тапқан. «Қазіргі тұжырымдардан,
алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда алұу, барұу деуге бола-
ды. Оның үстіне алыуды – алыс, барыуды – барыс, келіуді – келіс
деген сөздермен алмастыруға болады. Ендеше у-дың алдына ұ,
ү әріптерін салудың еш қисыны жоқ” дейді ғалым.
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан
қысаң езулік қосылып айтылады. А.Байтұрсынұлының сөзімен
айтсақ, «жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін
қолданып келген қазақ” [5, 6] қысаң, жуан езіліктерді инва-риант
деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, [ый], [йы],
[ыу], [уы] болуы керек. Бірақ <й> фонемасы профес-сор
Ә.Жүнісбектің айтылым, жасалым, естілім сипаты арқылы
анықтаған айырым (дифференциалды) белгілері (тілшік,
жуысыңқы, үнді, кейінді, езулік дауыссыз) қысаң езуліктермен
дыбыстатады. Ал еріндік дауыссыз болып табылатын <у> ерін-
діктермен дыбыстатады. Сонда «исключение» у фонемасында
ғана. Ендеше [ұу], [үу] таңбалануға тиіс емес, фонетикалық
вариант болып табылады. Егер біз жаңа орфографияда <у>
фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда тауық,
сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп сияқты сөздерде ы орнына ұ,
ү жазу керекӨйткені дыбыстың алды мен соңы бірдей позици-
яда. Мұнда дыбыс инварианты фонема емес, дыбыс варианты
таңбаланған болып шығады. Бұл орфограммалар, әрине, қазақ
сөзінің дұрыс айтылу нормасын сақтауға көмектеседі. Қазақ
тілінің дыбыстық құрамы жаңа сауаттанатын баланың
санасына дұрыс бекиді.
Қиын сұрақ. Егер латын графикасына негізделген жаңа
қазақ әліпбиіне ауысарда осы орфограмманы таңдасақ,
тіліміздегі ерін үндестігінің қаншалықты басыңқы сипатта
болатынына келісіп алуымыз керек.
Құю – qǔyǔw, үю – ьyьw, сою – soyǔw, күю – kьyьw, осындай
транскрипциялық жазуды қабылдауға тілұстармандардың (про-
фессор Н.Уәли термині) санасы қаншалықты дайын?
-
Сөз аяғында, соңғы буында ұ, ү еріндіктері жазылмайды
деген ережені алып тастағанда үндесім турасында шекараны
қалай айқындап аламыз?
Осы сауалдарды әбден ойланып шешкеніміз жөн. Әрине,
біздер тілшілер қауымы жаңа графикада қазақ сөздерінде у, и
әріптерінің дыбыстық құрамын ажыратып, ал халықаралық
терминдерді, ел, халық атауларын жазуда «ұзын и», «ұзын у»
әріптеріне і және u таңбасын алғанның негізі бар деп көреміз:
Ukraina, Belorus, ministir, universitet, institut.
Сонымен, қазақ тілі дауыссыздар жүйесі латын
графикасының мына таңбаларымен берілгені жөн деп
ойлаймыз: в (б), d (д), g (г), р (ғ), j (ж), к (к), q (қ), l (л), m (м),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет