Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


[ғ], [қ]-ларды және сингармоезужіңішке дыбысталатын [к]



Pdf көрінісі
бет113/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

[ғ], [қ]-ларды және сингармоезужіңішке дыбысталатын [к], 
[г]-лерді дербес сингармофонемалар ретінде ажыратады. ал 
вокализм құрамында сингармоезужіңішке дыбысталатын [е]-
ні дербес сингармофонема ретінде анықтайды. Осы үш син-
гармофонема а.Байтұрсыновтың классификациясы бойын-
ша сингарможуан- сингарможіңішке корреляциялық жүйеден 
тыс тұрады. Яғни /ғ/ және /к/ тек сингарможуан ретінде ды-
бысталады (сингарможіңішке сыңары жоқ), /г/ және /к/ – тек 
сингарможіңішке дыбысталады (сингарможуан сыңары жоқ); 
/е/ – тек сингарможіңішке дыбысталады (сингарможуан сыңары 
жоқ).
Жүсіпұлы М. «а.Байтұрсынов және қазақ тілінің
фонологиясы» (алматы, 1998) еңбегінен.
10-семинар. Төте жазудың (А.Байтұрсын әліпбиінің)
графика-емлелік ерекшеліктері
Емлені тұрақтандыру. Қазақ емлесінің осы күнгі орфограм-
малары а.Байтұрсынұлы жазуында тұрақтанды. атап айтқанда, 
ескіқазақ жазба тілінде дәстүр болған қосымшалардың бір ин-
вариант формамен жазылуын алғаш а.Байтұрсынұлы өзгертеді: 
«ең әуелі біздің қисық көрінетін емлеміз... үш түрін жазғанша 
-лар деп бір-ақ түрін жазса болмай ма? деген. [22, 100 б.].
Бұрынғы араб графикасынан қалған жазу емлесі қосымша- 
лардың барлық түркі халықтарына ортақ бір ғана вариантын 


204
205
(инвариантын) жазып, әр халық өз тілінің ауызша жүйесімен 
әрқалай оқып жүрсе, ол жергілікті ерекшелігі көп бір тіл ішін-
дегі әдеби норманың жазылуы сияқты болды. ендігі жерде әр 
ұлттың дербес жазу-сызуы болған күнде “туысша” жазу при-
нципін сақтаудың қажеті жоқ екенін сезген а. Байтұрсынұлы: 
“түркі халықтары сөз төркінімен емес, халықтың сөйлеу тілі-
мен санасуы керек ” деді. Сондықтан “Көптік лар-ды қалған 
варианттарының орнына жазу қараймын, сөйлеймін деген соң 
бараймын болмаса, малдай, малда деген соң малындай, малын-
да деп, болмаса маллар, нанлар, атлар деп неге жазбаймыз де-
генмен бірдей” деп, тіл қатынастарын бір деңгейде қарастыру 
керектігін айтады. 
Бұған қарсылар да көп еді, мысалы, и.Бейсенұлы: «-мақ, -
мек, -бақ, -бек қаріптерін қандай қатты естілсе де -пақ, -пек деп 
жазу жарамас: қайтпақ, кетпек деп жазу жарамас. -Лар, -лер, 
-дар, -дер қаріптері қандай қатты естілсе де -тар, -тер деп жазу 
жарамас. Қалмақдар, қазақдар деген сөзді қалмақтар, қазақтар 
деп жазу жарамас. -Дан, -ден, -нан, -нен адаттарын -тан, -тен 
деп жазу жарамас» [22, 138 б.]деген. 
екінші, а.Байтұрсынұлы дәстүрлі жазба тілде қолданылған 
туыс жүйелі емледен гөрі “табиғат қалауынша” жазу, яғни 
атасыға, атыға, қолыға орнына атасына, атына, қолына деп 
жазуды дұрыс көрді. “Хасыл кәләм менің ойым: сөз жазылу ке-
рек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, 
сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай 
басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху я 
ғылым сарф жолыменен ыспат етілсін” дейді. Сондықтан ғалым 
бірінші әліпбиді жөндеу керек, әліпби жөнделмесе емледе ала-
құлалық басталады. ал “әліпби деген асылына адам ақылы 
жетпейтін нәрсе емес. Әліпбиде бірден мәдениет түрінің төбе 
басына шығарып жіберетін адам білместей айрықша қасиет те, 
жасырын сыр да болмасқа тиіс” деп санады.
ал ғалымның “Сауаты ашылған адам жазылған, я басылған 
сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып 
оқиды. таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше 
деген сияқты әр сөзді тұрпатына қарап танып айтады” дегенін 
тілдің таңбалық сипатын жазуға да қолдану керек, ауызша тілдің 
өзгерістеріне сай жазу емлесін өзгертудің перспективасы жоқ 
деп түсінуге болады.
Үшінші, ғалым ерін үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл 
үндесімі жетекші қызметте екенін пайымдап, лингвалды сингар-
манизмге жазуда доминанттық сипат береді. Сөйтіп, өзге түркі 
тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін анықтап, 
орнын айқындайды. 
а.Байтұрсынов әліпбиінің фонологиялық негіздерін, ондағы 
“инвариант-вариант” қисыны бойынша “әріптердің фонемалық 
мәнді бере отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке 
әуезін)” білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық 
ерекшелігін кезінде проф. н.уәли өзінің “Қазақ графика-
сы мен орфографиясының фонологиялық негіздері” атты 
диссертациялық еңбегінде дәлелдеді. Онда Бодуэн де Куртенэ, 
л.в.Щерба салған жалпы жазу теориясының фонологиялық 
негіздері а.Байтұрсынұлының “бес дауыстыға” құрылған 
жазуындағы әріптердің белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, 
оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса бейнелейтін сингарможа-
зуында көрініс тапқаны алғаш рет айтылған-ды. 
а.Байтұрсынұлы сөздің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке 
айтылатыны басқа дыбыстық заңдылықтарға қарағанда жап-
пай қамтитын құбылыс екенін пайымдайды. Және ол жуан-
жіңішкелікке “жетекшілікті” дауысты дыбыстарға береді. Осы 
белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты мүмкіндігінше 
аз әріпке сыйдыруды қарастырады: “Дауысты дыбыстар сөздің 
жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты ды-
быстар сөздің тәні есебінде. тәнді жан қандай билесе, дауыс-
ты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты 
дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыс-
тар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, 
басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауыс-
ты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, 
басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да 
айрылғаны. Дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде 
жуан айтылады, мысалы: аз, оз, ұр, сары. Бұлардың жіңішке ай-
тылатын орнын айыратын белгі аламыз ()-ні дәйекші. Бұл белгі 
сөздің алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын 
хабарландырады, яғни бұл белгі тұрған соң, сөздің ішіндегі дау-
ысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке 
айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыссыз я жарты дауыс-
ты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: арман-әрмен, тор-
төр, тұр-түр, жоны-жөні. Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі 
алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады”. 


20
207
мысалы: (қала),‘пале (пәле), ‘ыш (іш), ‘шайнек (шәйнек),‘ан 
(ән) т.б. 
Сөйтіп, а.Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ жазуындағы 
әріп-дыбыс қатынасы, <у>, <ұ>, <ү>, <ы> фонемаларының 
орфографиялық ерекшеліктері, қазақ орфографиясының негізгі 
принциптері айқындалды.
Дегенмен, алғашқы әліппенің олқылықтарын да білген жөн. 
Олар мыналар: 1) «ы» таңбасы «и» таңбасымен бейнеленді. 
2) «ұ» дыбысы мен «у» дыбысы бір ғана таңбамен «ұ» мен 
бейнеленді. м: оқұ құралы, тұұады (туады);
3) басы артық «а» таңбасы қыстырылып жүрді: Әүлкен 
(үлкен), әүчүн үшін;
4) ы, і дыбыстары жазылмай қалып отырды. Жатр (жатыр), 
бр (бір), жртық (жыртық);
5) қазақ әліппесінен шығарып тасталған араб әріптері шет тіл-
ден (араб, парсы) ауысқан сөздерде әлі қолданудан шықпады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет