Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері



Pdf көрінісі
бет125/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері. латын 
графикасын қабылдайтын түркі тілдеріне ортақ емле ережелері 
де осы жиында қабылданды. Олар төмендегідей болды: 
- орыс графикасының әріптерін алмау, 
- бірдей дыбыстарға әріп алмау, 
- диакритикалық таңба алмау, 
- созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу, 
- қосар әріп алмау, 
- жіңішке дауыстыға таңба алмау, 
- морфологиялық принципті ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ 
деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану, 
- дұрыс айту нормасын қалыптастыру, 
- кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру (орыстар буын жа-
зуы бойынша игерген еді, енді айтылуы бойынша игереді),
- кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу (вол-
кан, вулкан емес, маскерад),
- кірме сөздерді үндесім заңына бағындыру, 
- кірме сөздер үшін әріп алмау (мысалы, орыс тілінде ғ, һ, ө, ь 
болмағандықтан Неіnе – Гейне, Ньgо – Гюго болып жазылады), 
- халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту: 
вакансия – ваканс, пианино – пианин, фортепиано – фортепи-
ан, 
- кірме сөздерде о әрпі тұрса, [о] дыбысы етіп айту. 
Алғашқы латын-қазақ әліпби жобалары. Сөйтіп, 1927-


230
23
1928жж. “еңбекші қазақ”, “лениншіл жас”, “тілші” газеттерін-
де жаңа латын әліпбиінің жобасы, сол графикамен басылған 
тақырыптар жариялана бастайды. ең алғаш жарияланған ла-
тын әліпбиінің жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды (яғни төте 
жазудың жүйесінен ажырамады). Олар: a, b, c, d, e, h, g, j, 
і, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, v, y, z және ‘ (тілші, 17.09.27). 
мұндағы ћ – <ғ>, у – - фонемаларын таңбалады. Кейінгі 
жоба (лениншіл жас, 30.11.28) <ғ> – q, <ы>,<і> – ъ етіп берді. 
Z – таңбасы сызықсыз жазылып, дәйекше ^ – деген таңбасымен 
ауыстырылды. 
1927 жылы (24.04) мәскеуде өткен қазақстандық студенттер- 
дің жалпы жиналысында жасаған баяндамасында н.төреқұлов 
жазуды ауыстыруға әлі ерте, оған он жыл керек дегенмен, ла-
тын жазуына көшу басы ашық мәселе болғаннан кейін, өзінің 
авторлығымен әліпби жобасын жасайды. Ол е.Д.Поливанов 
еңбегінде “аслат’а” деп аталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет