Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


орыс жазуының ықпалынан шығып отырған



Pdf көрінісі
бет156/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

орыс жазуының ықпалынан шығып отырған дейміз: орыс 
сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның 
ішінде әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау: секунда 
(секунд емес), цитата (цитат емес) т.б.; орыс тілі сөздеріне 
қазақ тілі қосымшаларын жалғауда ы, і әріптерінің дәнекерлігін 
орынсыз пайдаланбау: фондқа, шрифтке, банкке; бұрыннан 
дыбыстық жағынан игеріліп жазылған сөздерді, түпнұсқасына 
көшіріп жазу: ящик (жәшік емес), батист (бәтес емес), ботин-
ки (бәтеңке емес), русь (орыс емес), суд, область; жіңішкелік 
белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік жалғауының ііі жағын 
қосқанда, ь-белгісін түсірмей жазу: рольі, котрольі; қосар да-
уыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір 
әріпті түсірмей жазу: классқа, конгресске; орыс тілінен енген 
сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан, жіңішке болса, жіңішке 
қосымша жалғау; һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу 
үшін х әрпін х арқылы жазу; миуа, қиуа сөздерін миюа, қиюа 
деп орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау; орыс 
сөзін русь деп алу (Ә.ермеков); ойөріс, атүсті, атсалысты, 
аяқкиім, жемшөп т.б. сөздерді бірге жазу (Ә.ермеков); орыс 
тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен жазу 
(а.Ысқақов). 
Жеке дыбыс таңбаларынан пікірдің көбі и әрпінің емлесіне 
қатысты айтылған. 1956ж. тіл және әдебиет институты әзірлеген 
орфографияның жаңа жобасын талқылауға шақырылған жина-
лыста м.Балақаевтың қосарлы ый, ій таңбаларының орнына 
и әрпін жазуды ұсынған пікіріне С.аманжолов қарсы шығып, 
“Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы” деп санаған. 
И дыбысы ки дегенде бір әріппен, қи дегенде екі әріппен 
(қый) жазылды. Барлық позицияда да и әрпінің қабылдануына 
сол жылдары оқу-педагогика баспасының редакторы болып 
қызмет еткен р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды 
дейді, газет тілшілері. Сөйтіп, біресе ый (қыйын), біресе и (иық, 
ғылми), енді бірде екі варианты да қатар қолданылып жүрген 
(қағида//қағыйда) және жіңішке буында и-мен, жуан буында ый-
мен берілген и әрпінің емлесі бір ізге түсіріле бастайды. Десек 
те, йы, йі-ге біткен сөздерге көсемшенің й жұрнағы қосылғанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет