дүниежүзілік аренаға шығу үшін, халықтың компьютерлік са-
уатын арттыру үшін, техникалық прогреске ілесу үшін қажет де-
ген көзқарас басым болды. мысалы, н.а. айтқожин: “ендігі жазу
алдыңғы қатарлы технология, күрделі баспахана құрылғылары
әртүрлі саладағы жоғарғы білікті мамандардың қатысуынсыз
шешіле алмайды. Компьютердің стихиялы түрде таралып кетуі,
ортақ стандарт шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-
саяси мәні бар екенін байқатады, компьютердің басқыш-тетігі
минутына 600-1000 таңбаға дейін салуға арналған, неге біз оны
пайдаланбаймыз” деді. “ни один из тюркоязычных алфавитов,
основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов, кото-
рое поддерживаются программным обеспечением современных
компьютеров” деді тағы да автор (айтхожин н.а. вопросы ре-
формы казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).
ал а. мереке электронды пошта, пейджинг саласында қазақ
әріптерінің жоқтығынан небір сорақы сөздер жазылады. Қазақ
мәтіні үшін арнайы драйвер алып жүру керек. интернетте Web-
бет құру үшін, пейджермен хабарласуға, электронды сөздік,
электронды тілмаш жасау үшін, сөзді автоматты түрде тасымал-
дау үшін, орфографиясын жасау үшін латын жазуы керек деді
(мереке а. латиница объединит тюрков // новое поколение
26.11.99).
а. Шәріпбаев қазақ әліпбиі компьютердің басқыш-тетігіндегі
ағылшын әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі
жоқ; осы стандарт сақталынса ғана қазақ тілінің құрылымдық
жүйесін саралауға, компьютерлік өңдеудің ыңғайлы жүйесін
жасауға кез келген графикадағы мәтінді оқып, оны басқа
графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру де-
геніміз орфографиялық, терминологиялық, фразеологиялық
сөздік жасау, қазақ тілінің грамматикасын автоматты түрде оқыта
алатын және қазақ тілін басқа тілге және кері аудара алатын про-
грамма жасау болып табылады деді (Шәріпбаев а. латынсыз,
компьютерсіз көзіміз ашылмайды // еҚ. 27.12.00).
енді бір топ әліпби ауыстырудың қажеттілігі қазақ тілін