Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет24/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Ч.Лоукотка француз бен ағылшын тілдерінде жазу ауызша 
тіл жүйесінің сызба нобайын ғана береді, екі тіл бір-біріне әсер 
ете алмай келе жатыр деген.
Умберто Эко жазба тілдерді ауызша тілден бөлек, бейтаныс 
азбукалармен, астыртын хабарлармен біріктіріп, бөлек қарау ке-
рек дейді. 
Жазудың дербес жүйелілігін айқындаған кеңестік ғалымдар 
ішінен Т.А.Амированы атай аламыз. Ғалым жазу туралы 
ғылымды графикалық лингвистика деп атауды жөн санай-
ды, графикалық лингвистиканың табан тірейтін тұғыры жазба 
тілдің дербестігін, жазу дыбыстық тілдің көшірмесі еместігін 
мойындау дейді.
Ғалым жазудың нысандары ретінде жазу, жазба мәтін, жазба 
тілді атады. Әліпби – жазба тілді жүзеге асыратын графикалық 
таңбаның жиынтығы, жазу – жазба сөйлеуді, қарым-қатынасты 
әліпбиді пайдалана отырып жүзеге асыратын таңба түрі, жазба 
тіл– жазба қарым-қатынас, ауызша тілдің табан тірейтін жүйесі, 
жазба сөз (жазба мәтін) – жазба тілдің жүзеге асырылуы, жазба 
мәдениет – қағазға түскен мәтіндердің жиынтығы, жазба дәстүр 
– жазудағы тұрақтылық деді. 
Фонологияда фонеманың фоны, аллофондары болатыны 
сияқты дыбысжазу – графемика, оның кіші бірлігі – графема, 
графеманың омографтары, графы болады деді. 
Графемалар арқылы графикалық морфема, графикалық 
сөз, графикалық формалар құрылатынын айтады. т.а.амирова 
жазба француз тiлiнде ауызша тілге карағанда зат есiм, сын 


38
39
есiм, етiстiк категорияларының морфологиялық көрсеткiштерi 
мейлiнше жетiлген, сондықтан органикалық жағынан әртүрлi 
болып табылатын жазба тілмен ауызша тіл бiрiнен екiншiсiне 
аударылатын тiл болып саналады дейді. 
Және жазба тілөзіне қатысты да, өзге таңба жүйесіне қатысты 
да метатіл болатынын, өркениет тарихында жазба тілқоғамның 
мәдени нормасы мен білім қорын сақтайтын, жинайтын, жеткі-
зетін теңдесі жоқ тәсіл болып табылатынын айтады. 
т.амирова жазу жазба тілме, әлде тiлдiң жазба формасы бола 
ма деген сауалға тұрпат меженiң 1) ауыспалы немесе 2) тұрақты 
болуына қарай жауап беруге болады дейді. Яғни 1) мазмұн 
меженiң дамуына қарай жазу (кең мағынасында) өзгерiп, ауыз-
ша тілдің көшiрмесiне айналады, ауызша тіл мен жазба тілбiр 
тiлдің екі формасы болып шығады. 2) тұрпат меже тұрақты бо-
лады: екі жүйеге айналады. 
Бұл топтастыруға сайсақ, ағылшын, орыс тiлдерi өз iшiн-
де жазба тілмен ауызша тілге ажырайды. (Грамматология тек 
ағылшын жазулы тілдерде қалыптасып, жетіле алады деген 
пікір бар). ал ауызша тілмен көп айырмасы бола бермейтiн не-
месе айырмашылығы жеткiлiктi түрде көрсетiлмей жүрген тiл-
дер үшiн жазу – тiлдiң өмiр сүруiнiң бiр формасы ғана. 
т.а.амирова ағылшын жазуының қазіргі графикасы мен 
көне графикасын нысанға ала отырып, жазу жүйесінің өзіне тән 
бірқатар құрылымдық элементтері болатынын айтады. ағылшын 
жазуындағы диграф, триграфтардың санын, графемалық өріс 
ұғымын сипаттады. Жазудың қандай ерекшелігі өзінің белгісі, 
ал қайсысы дыбыстық тілдің көшірмесі ретіндегі белгісі болып 
табылады соны білу керек деді автор. 
т.а.амированың жазуды жеке семиотикалық код деп 
алғаны соншалық зерттеулерінде жазу теориясын зерттеуде 
қалыптасқан әдіс-тәсілдер, ұғым-түсініктер пайдаланылмайды. 
мысалы, Б. де Куртенэ, л.в.Щерба негізін салған графиканың 
фонологиялық негізін іздеу бағыттары жоқ: жазу ойды тікелей 
жарыққа шығару тәсілі ретінде қаралған, тілмен теңестірілген. 
Ғалымның осындай пайымдауларынан кейін орыс тіл білімін-
де графемаларды дыбыстық қорға байланыстырмай, өз ішінде 
сипаттайтын зерттеулер шыға бастады. 
Жазуды қысқарту, аз таңбаға көп мағына сыйдыру, жазуға 
уақытты аз кетіру деген сияқты мәселелер, жазу биомеханика-
сы, әріп деформациясы, стенографиялық жазу, буын арқылы 
жазу мәселелері көтерілді. 
Жазу тарихына баратын еңбектерінде О.Сүлейменов те тіл 
тарихына барған сайын, алғашында таңба болғанын сосын оның 
ауызша түрі – сөз болғанына көзім жете түсті дейді: “и мне было 
дано, наконец услышать и увидеть, как письмена собранные со 
всех уголков старого и нового света, начинают говорить друг с 
другом на понятном им языке образов”.
Ғалымдар жазудың ауызша тілдің көшірмесі емес, сондай-ақ 
тіл өмір сүруінің бір формасы да емес, өз алдына дербес тілдік 
жүйе екенін айқындап, ғылыми айналымда жазба тілұғым-тер-
минін қалыптастырды. Олар: а.а.волков, а.в.волков, т.м.ни- 
колаева, т.а.амирова, и.вахлк, Ф.Хаусхальдер, макинтош, Б.де 
Куртенэ, н.н.Соколов, З.волоцкая, т.молошная, Жак Деррида, 
в.мотш, умберто Эко, а.н.морозова, и.е.Гельб, а.артимович, 
Ж.Ж.руссо, л.ельмслев, а.мартине, а.Кашеварова, л.Заводов- 
ский, в.Хаас, а.м.Кондратьев, О.Сүлейменов т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет