Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет55/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Қазақ тіліндегі гиперфонемалар. аталған фонемалардың 
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар. Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты. 
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар. 
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін 
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады.  
Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі 
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни <ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. мысалы, Қ.Жұбанов 
қазақ тіліндегі а дауыстысының жіңішке варианты е фонемасы 
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). в.в.радлов ә дыбысын 
қазақ тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. в.в.радлов. 1984: 
74). алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал 
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды: б (87) сөзде г (1), д (74), ж (56), з (39), и (1), к (78), л (17), м 
(116), н (64), п (53), р (8), с (118), т (191), у (19), ф (1), ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады. 
Сонда іі буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-
сы бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ 
жазуындағы іі буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық 
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының 
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын 
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде фонемасының екі 
әрпі бар (й, и). мұндағы и әрпі қосар дыбысты таңбалайды. 
е.Омаров и әрпінің құрамында <ы> фонемасы бар екенін бы-
лай түсіндірген. мысалға “біп-бійт деген сөзді бип-бит деп 
айта алмаймыз ғой” (Омаров е. 2012: 3). Ғалымдарды <и>-дың 
дауысты үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (исаева 


86
87
Ж. 2003). фонемасының екі түрлі таңбаға ие болуы орыс 
графикасының ықпалынан. Өйткені  фонемасының орыс жа-
зуында да нақты әрпі жоқ, бір позицияда я, ю, е, бір позицияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет