Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Жалпы тіл біліміндегі үндесім заңының түсіндірілуі



Pdf көрінісі
бет75/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Жалпы тіл біліміндегі үндесім заңының түсіндірілуі. 
мысалы, Бодуэн де Куртэне үндесімді сөздегі буындар-
ды құрайтын цемент десе, Қ.Жұбанов, в.а.Богородицкий, 
С.Кеңесбаев түбір мен қосымшаның бірлігін қамтамасыз 
ететін құбылыс деді. і.Кеңесбаев сөз бен сөздің, бір сөз тобы 
мен екінші сөз тобының шегін бөліп, жігін ажыратып тұрады 
деді, в.н.Зиновьев сөзді фонетикалық бірлікте ұстайды десе, 
в.Гренбек, Х.Петерсен түркі тілдерінде ертеде екпін бас буын-
да болған деседі, Ф.е.Корш осы ілімді жалғастырып, бірінші 
буынға түскен екпіннен дауысты дыбыс гармониясы жасалды 
дейді. в.а.виноградов пен а.а.реформатский тіл сингармо-
низмге бағынса, онда жалғамалы болғаны, орал-алтай тіл-
деріндегі екпін сөз бірлігін синтагмалық тұрғыда белгілей-
ді, сөздің парадигмалық тұрғыдағы ұйымдастырушысы 
үндестік заңы болады. Үндіеуропа тілдеріндегі екпін қызметін 
орал-алтай тілдеріндегі сингармонизм мен екпін бөлісіп тұрады 
деді. в.в.радлов сингармонизм қызметін делимитативтік, яғни 
сөздің мағыналық бүтіндігін фонетикалық жағынан сипаттай-
ды деп көрсетті. Және бұл заңдылықтың шығу төркінін сөз 
басындағы дауыстының екпініне байланыстырды. Ғалым қазақ 
тілінде екпіннің де рөлі бар екенін айтты. 
н.а.Баскаков сингармонизмді түркі сөзінің бүтіндей ере-
кшелігі, а.Жүнісбек негізгі просодикалық, артикуляция-
акустикалық доминант, түркі сөздерінің негізі деп анықтады. 
трубецкой мен Яковлев сөйлемдегі сөздердің шегарасын 
айқындайды деп шешті. 
Сонымен, сингармонизм парадигмадағы бүтіндікті, екпін 
синтагмадағы бүтіндікті белгілейді, сөз мағынасын фонема 
анықтайды, ал сөздің сөйлем ішіндегі дербестігі үндесім мен 
екпін арқылы анықталады. 
Екпін мен үндесім. егер қазақ тіліндегі басты суперсег-
ментті бірлік екпін емес, үндесім заңы болса, онда үндесім 
заңы екпіннің сөзайырымдық қызметін атқара ала ма? Сөздің 
бірыңғай сингармотембрмен дыбысталуы синтагмадағы өзге 
бірліктерден айыра алмайтын сияқты. мысалы: [жасылжәйлау 
түктүгілем көккілем, көккілемде көбойнаймын көпкүлөм 
маңдайымнан сыйпабөткөн самалды қазағымның алақаны деб-
білем] немесе [сеңгеше ғайдаболдұң], [елордасы астанадан 
сөйлөптұрмыз] деген сөздегі жуан немесе жіңішке үндесімдегі 
қатар келген екі сөздің жігін ажырататын және бейүндес буын-
ды сөздерді жеке фонетикалық сөз ететін үндесім заңы болып 


140
141
тұр ма? [сеңгеше] сөзіндегі үндес лексемалардың аражігін 
ажыратып тұрған – әрқайсысының өз екпіні. Сонда қазақ тілі 
просодикасындағы негізгі сипат – сингармонизмде болса, ол 
проф. Ә.Жүнісбек айтқан сөз мағынасын танытатын, сөз жа-
сайтын, бір бүтін етіп ұстап тұратын қатырғы болса, олардың 
сөйленістегі аражігін айқындап тұратын екпін болады. Сонда 
екпін сингармонизмге қосалқы болады. Эксперименттік талда-
улар қазақ тіліндегі екі буынды сөздің іі-буынындағы дауысты 
ұзақ болатынын, іі-буында дауысты ашық болса, і-буындағы 
дауысты қысқа болатынын көрсеткен. ендеше аяққы буындағы 
дауыс созылыңқылығы екпінді хабарлайды.
Жалпы үндесім заңының дыбыстарды буын не сөзге бірік-
тіретін құрсау қызметін атқаруы, сөзді бір бүтін етіп тұратын 
сипаты туралы қағида Ә.Жүнісбек есімімен бүгінде қазақ тіл 
білімінде орнықты. Үндесім заңының алфавиттегі әріп санын 
азайтуға, жазуда үнемділік заңын күшейтуге көмегі болаты-
нын а.Байтұрсынұлы, Ә.Жүнісбек әліпбилері дәлелдеді. төте 
жазу қазақ графикасы тарихында бірден-бір фонематикалық 
жазу болды. “Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі ды-
быстарды қаншалықты дәл, жеткілікті бере алды – сол арқылы 
анықтайды”.
Үндесім заңдылығы қазіргі қазақ жазуында: 1) дауыс-
ты дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп арналумен; 2) 
<қ> <к> <қ> <г> фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің 
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшалардың 
жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде ћ, х әріптерінің маркер-
лігімен (жићаз [жійћ’а’з], Ахмет [ах’
і
м’ет’]) көрініс тапты. 
ал бүкіл қазақ сөзінің 5% құрайтын (м.Жүсіпов) бейүндес 
буынды сөздердің (олар не кірме сөз, не біріккен сөз, не кір-
ме жұрнақты сөз болуы мүмкін) дені ашық буын мен бітеу 
буынның (бітеу буын мен бітеу буынның) қосындысынан және 
екінші буында қысаң дауыстылардың болуымен ерекшеленеді: 
құрмет, құдірет, қабілет, қасірет, қажет, қауесет, қадір, қазір, 
қаріп, қабір, қауіп, қанден, қадім, қапер, қатер, қорек, лағынет, 
қастерле, қатыгез, кәмшат т.б. мұнда бітеу буын жігінде екі 
дауыссыз арасына қысаң, сына, жіңішке дауысты дәнекерленіп, 
өтпелі буын жасайды. Сөз үндесім заңдылығына қайшы жазыл-
са да, үндес айтылады. Құрмет [қ’үр
і
м’ет’], қабілет [қ’әб’
і
л’ет’] 
т.с.с. ал қазір, қаріп, қауіп, қадір сөздерінде жіңішке қысаң, 
езуліктің таңбалануы дәстүрлі жазу принципінен шыққан. 
мұндағы і әрпі – <ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес, сөз 
аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет