Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


> фонемасының да таңбасы болмағандық-  тан кейде орнына  ғ



Pdf көрінісі
бет105/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

>
фонемасының да таңбасы болмағандық- 
тан кейде орнына 
ғ
әрпі пайдаланылған. Сол себепті басқа тіл-
ден енген сөздердегі <
г>-к
әрпімен таңбаланып отырған дейді 
проф. Б.Әбілқасымов: 
акроном, дәркер, емке, крек

Ч
әрпі өзге графикадан алынғандықтан 
ш
графемасынан 
дифференциацияланбай, екі әріп таңбалары
 
бірінің орнына бірі 
қолданыла берген, 
ч 
әрпі қатаңмен іргелес келгенде де, дауыс-
ты, үндімен іргелес келгенде де таңбаланған кездері аз емес: 
айтчы, елчі
.
Орыс тіліндегі <
в>
фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай
біресе 
у,
біресе 
б
таңбасымен (
чинобник, бистафка
), біресе 
ф
әрпімен берілді (
Жапаноф, Ибаноф
). 
араб жазуының емлесіндегі бір ерекшелік ерін үндесімінің 
басым берілуі, тіпті қосымшаларда да таңбалануы болды: 
болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлұқ, үстүнен. 
Яғни, ерін үндесімі 
позициялық өзгерісті бейнелеген фонетикалық принциптен де 
шықты, сонымен бірге оғыз-қарлұқ архаикалық элементінің де 
дәстүрін сақтады, мысалы: 
оқұб, 
бірақ 
барұб, келүб. 
Проф. р.Сыздық Қ. Жалайырдың еңбегінде лабиалды үндесім 
тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың еріндік вариан-
ты мүлде кездеспейтінін айтады. Бұл тенденцияны орта түркі 
шағатай тілінің орфографиялық нормасынан қазақ тілінің өз 
емле нормасы бөлініп шыға бастағаны деп түсіндіруге болады. 
Қосымшалардың түбірге үйлесімсіз бірыңғай ұяң вариантпен 
жазылуын Г.мамырбекова инвариант-вариант принципі бойын-
ша ұяң нұсқасы инвариант болып табылған да, ауызша тілде 
үйлесім варианттарымен дыбысталғаны деп көрсетеді. 


170
171
Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесі (мысалы, 
көптік жалғауының қазақ сөйлеу тілінде 9 варианты бар) бір 
тұрпат межесіне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын 
көруге болады: 9 <лар, лер, лөр, дар, дер, дөр, тар, тер, төр> / 
1<лар>.
Сөз болып отырған жазу емлесі морфологиялық ұстанымға 
негізделді. Дегенмен, ерін үндестігінің позициялық түрленімі- 
нің таңбалануы
орнына, халқыңыз, көңлүме 
сияқты сөздерде 
қысаң езуліктердің айтылуы бойынша түсіріліп жазылуы, ин-
тервокал позициядағы <қ> фонемасының /х/ әрпімен (
йахшы, 
йарылханыб, ахыры, ахшар
) берілуі, /қ/, /ғ/ әріптерінің жуан дау-
ыстылармен іргелес жазылуы араб жазу дәстүрінен қазақ тілінің 
өзіне тән жазу жүйесі түзіліп келе жатқанынан хабар берді. 
Бұл кездегі емле дәстүрі, негізінен, мыналар дейді Г. ма- 
мырбекова:
1. араб, парсы тілдерінен енген сөздер сол тілдердегі негізгі 
тұлғаларын сақтап қолданылған. 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет