Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет190/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

латын жазуы 
дүниежүзілік аренаға шығу үшін,
халықтың компьютерлік са-
уатын арттыру үшін, техникалық прогреске ілесу үшін қажет де-
ген көзқарас басым болды. мысалы, н.а. айтқожин: “ендігі жазу 
алдыңғы қатарлы технология, күрделі баспахана құрылғылары 
әртүрлі саладағы жоғарғы білікті мамандардың қатысуынсыз 
шешіле алмайды. Компьютердің стихиялы түрде таралып кетуі, 
ортақ стандарт шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-
саяси мәні бар екенін байқатады, компьютердің басқыш-тетігі 
минутына 600-1000 таңбаға дейін салуға арналған, неге біз оны 
пайдаланбаймыз” деді. “ни один из тюркоязычных алфавитов, 
основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов, кото-
рое поддерживаются программным обеспечением современных 
компьютеров” деді тағы да автор (айтхожин н.а. вопросы ре-
формы казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).
ал а. мереке электронды пошта, пейджинг саласында қазақ 
әріптерінің жоқтығынан небір сорақы сөздер жазылады. Қазақ 
мәтіні үшін арнайы драйвер алып жүру керек. интернетте Web-
бет құру үшін, пейджермен хабарласуға, электронды сөздік, 
электронды тілмаш жасау үшін, сөзді автоматты түрде тасымал-
дау үшін, орфографиясын жасау үшін латын жазуы керек деді 
(мереке а. латиница объединит тюрков // новое поколение 
26.11.99).
а. Шәріпбаев қазақ әліпбиі компьютердің басқыш-тетігіндегі 
ағылшын әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі 
жоқ; осы стандарт сақталынса ғана қазақ тілінің құрылымдық 
жүйесін саралауға, компьютерлік өңдеудің ыңғайлы жүйесін 
жасауға кез келген графикадағы мәтінді оқып, оны басқа 
графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру де-
геніміз орфографиялық, терминологиялық, фразеологиялық 
сөздік жасау, қазақ тілінің грамматикасын автоматты түрде оқыта 
алатын және қазақ тілін басқа тілге және кері аудара алатын про-
грамма жасау болып табылады деді (Шәріпбаев а. латынсыз, 
компьютерсіз көзіміз ашылмайды // еҚ. 27.12.00). 
енді бір топ әліпби ауыстырудың қажеттілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет