34
35
тұрады. Дыбыстық тіл айту, тыңдау арқылы ауызша сөзде өмір
сүрсе, жазба тіл жазу мен оқу арқылы жазба сөзде өмір сүреді.
Сонда жазу ауызша сөзді жазба сөзге айналдыратын код болып
табылады, өздігінен жүйе құрай алмайды.
Сөйтіп, л.в.Зиндер ауызша тілдегі морфонологиялық
құбылыс тәрізді жазу да графонологиялық құбылыс болаты-
нын, септік қосымшалары ауызша тіл мен жазба тілде екі түрлі
көрінетінін айтады. Сөйтіп, жазуды да жүйе мен қолданысқа
бөлетін уақыт келгенін айтады.
И.Е.Гельбтің
ойынша, жазудың о бастағы болмысы тілден
өзгеше еді. адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға
қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу
өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба
орынбасары болып қалды. Сондықтан “жазуды ауызша тілдің
эквиваленті деп, көрінетін таңбалар арқылы сөйлеуді түсіретін
тәсіл деп танитын лингвистер жазудың тарихи дамуын дұрыс
бағаламай отыр, олар бұл анықтамаларының жазудың алғашқы
сатысына сәйкес емес екенін біле алмайды. Ол кездегі жазу тілдің
ауызша формасын берген жоқ” дейді. Ғалым жазу алғашында
сөйленген сөзбен әлсіз байланысты дейді.
Бір суретті әркім әртүрлі оқыды, ауызша тіл формаларына
сәйкеспеді, жазу фонетикалана бастағанда ғана ауызша форма-
сымен сәйкесе бастады. Бұл көзқарасқа қатысты тағы мынадай
пікір барын білеміз: жазу адамзат тілінің даму сатысымен сәйкес
жетіліп отырды;
Достарыңызбен бөлісу: