Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет168/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   236
С.Аманжолов 
айтты.
 
Автор
 
1933
 
жылы
 
“Социалистік Қазақстан”
газетіне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетінің
түркі тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден
ә,
ү, z,
ө 
әріптерін шығаруды ұсынуы,
 
сондай-ақ
 
<қ>-ны
 к
-мен,
<ғ>-ны
 г
-мен беруді дұрыс емес дейді.
<ғ> дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп
жазуды қолдамайды.
Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. <ый>,
<ій> дыбыс тіркесінде 
j
таңбасы дауыссыз <
й>
– ді де беретін
болсын деген пікір айтады: 
saj (сай), jaqnj (яғни)
.
Ал 
[ұу], [үу]
тіркесіміне 
v
таңбасын лайық көреді. Сонда 
V-
<у>, <ұу>, <үу> 
беретін болады дейді.
Терминдерді орыс тілі арқылы игеру керек, 1929 жылы емлені
жасаған Т.Шонанұлы, Е.Омаровтардың алашордашылдығын
олардың шет сөздерді сол түпнұсқа тілінде алайық деген ниеті-
нен көруге болады дейді.
С.Аманжолов 1929жылы қабылданған әліпбидің мынадай 
кемшіліктерін көрсетті:
1)
әліпбиде 
х, f,
v
таңбаларының болмады;
2)
и, у 
таңбаларының жоқтығы,
 
соның салдарынан
 
мисси-
сипи, миссури 
сияқты сөздердің
 mijssijsijpij, mijssуvrij 
деп
 
6, 7
әріптің орнына, 13-9 әріпке дейін жазылу;
3)
Фонетикалық принциптің ұсталынды;
4)
Қазақ тілінің төл сөздерінде екінші-үшінші буындарда
ерін дауыстылары жазылмағандықтан кірме сөздердің әртүрлі
орфограммалануы (
кило-келі,
динамо-динамы,
бюро-бюра
);
5)
Сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, 
зооло-
гия, биология, театр 
сөздерінің
 зологыйа, быйалогыйа, тыйа-
тыр
болып таңбаланды;
 
6) Қатаң-ұяң дыбыс тіркесімі
болмайды, сондықтан жа-
зылмайды делініп,
аптаномыйа,
Бекполат,
апсалұут
сияқты
фонетикалық орфограммалар көбейді. С. Аманжолов: “Қазақ
тілінің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын,
қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принцип-
ке бағынбайтын еді. Мысалы:
tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau,
gьzmet+ker, gazdь+gun” 
дейді.
Сөйтіп, емле ережелеріне мынадай өзгерістер ендірілетін
болды дейді: емленің негізі – морфологиялық принцип, түбір
морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазы-лады
(
зumьsdьŋ
), түбірлері сақталған біріккен сөздер, кірікпей
жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-ды;
кірме сөздер ішінара болмаса, морфологиялық принциппен
түпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалық
принцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп,
игерілген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанған
түрінде жазылады:
өzbek, poiьz, sjiez, nөl, aрus, yiel, yien,
е
кі
немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кірме сөздерге
қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады, қосымша
сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:
Bekmuratqa
,
metaldьŋ, к
ірме сөздердегі еріндік дауыстылар
таңбасы соңғы буында да жазылады (
komsomol, kino
), кірме
сөздердің аяғында
в,
д,
г
әріптері таңбаланады(
leningrat, aktip
емес); <ұ> дыбысы
ы таңбасы арқылы,
<і> фонемасы
j
әрпі
арқылы таңбаланады: 
выl, tjl;
екі дауысты дыбыс таңбасы тір-кесе
береді (
zooloqia,
зuadь
); әліпбиге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет