Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет67/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   236
қ-к,
ғ-г
тәрізді артикуляциялық үлкен
айырма болмайды” деп анықтайды. Сөйтіп, ғалымның пікірі
А.Байтұрсынұлының пікірімен үндес келеді.
Ал проф. Ә.Жүнісбек: “екі жұптың айырмасы тілдің қалпы
мен ерін конфигурациясында ғана, әйтпесе [к] мен [қ]
фонемаларының реңктерін (9 түрлі) біріктіретін болсақ, онда
да-уыссыз фонема реңктерінің толық қатарын көре аламыз”
дейді. Ары қарай [г], [ғ] туралы: “Что касается фонем [g] и [g],
то мы сомневаемся что они исконно казахские, скорее всего они
были позиционно-комбинаторными (в зависимости от
фонетической ситуации то смычными, то щелевыми)
оттенками глухой смыч-ной средноязычно-увулярной фонемы
[к] [қ]. Однако интенсив-ное вторжение арабо-персидских слов
с их гортанными звуками и русские заимствования с их
самостоятельной фонемой [g] пос-лужили причиной появления
этих фонем на непривичных для них местах” деп қорытады.
Сондықтан ғалым: қазақ тілінде 17 дауыссыз, 19 дауыс-сыз
дыбыс әрпі бар дейді. Сонымен, қазақ тіліндегі дауыссыз
дыбыстардың фонемалық статусын анықтауда дыбыстың тоғыз
түрлі сингармовариантта айтылуын ескердік. Сонда қазақ тілінің
төл фонемалары тоғыз дауыстымен тіркес құрап, морфема
құрамында кездесе береді. Ол тіркесім, байқап отырсақ, жазуда да
көрініс табатын позициялар болып табылады. Алайда дыбыс-тар
сөйлеу тіліндегі үздіксіз (линейный) құбылыс болғандықтан,
олардың түбір ішінде, буын, сөз, сөз тіркесі жігіндегі тіркесімі
шарт емес. Сондықтан <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының жеке-
жеке тоғыз түрлі сингармоварианттары сөз тіркесі шенінде кез-
десетінін оңай тауып алуға болады. Мысалы: /екі ай/ – [екай],
96
97


/екі орын/ – [ек
о
орұн], /екі өлең/ – [ек
ОІ
өлөң], /қырық өтірік/
– [қырығ
ОІ
өтүрүк], /екі ұры/ – [ек
о
ұрұ], /екі лақ/ – [ек ылақ], /
қырық ән/ – [қырығән], /қырық екі/ – [қырығекі], /қырық үш/
– [қарағүш], /қырық ішік/ – [қырығішік], /көк ала/ – [көгала],
/көк орай/ – [көгорай], /көк ұрсын/ – [көг
о
ұрсұн], /көк лақ/ –
[көгылақ].
Ендеше <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының әрқайсысы ды-
быс парадигмасындағы басқа дауыссыз сияқты жуан-жіңішке,
еріндік-езулік варианттармен түрлене алады екен. Осыған орай
Н.Уәлиұлы “тіл үндестігіне ілікпей жүрген” “шәлкес тіркес-
тер” (
құрмет,
құдірет,
қошемет,
мәслихат,
рақмет,
қабілет,
қасірет, қауесет, қиямет, қажет, қолет, қауырт, қазір,
камшат, қабір, қауіп, қате, қанден, іждағат, қадім, қасиет,
қапер, қатер, қорек, құзырет
)
 
сөйлеуде жіңішке әуезде айты-
латынын оңай байқауға болады дейді. Мысалы: [
қ
ІО
үрмөт],

ОІ
үдүрет], [қ
ОІ
өшемет], [мәслійх
І
әт], [рах
І
імет], [қәб
І
ілет],
[қәсірет], [қәуөсет], [қійәмет], [қәжет], [қөлет], [қәдір],
[қәзір], [камшат//кәмшәт], [қәбір], [қәуүп], [қәте], [қәнден],
[іждәғат], [қәдім], [қәсійет], [қәпер], [қөрек], [қүзірет].
Ендеше А.Байтұрсынұлы әліпбиінде негізделген, қазіргі
қазақ жазуында жалғасын тапқан <қ>, <к>, <ғ>, <г>
фонемаларының бір-бір таңбаға ие болуы “бір фонемаға бір
әріп” деген қазақ графикасының қағидасына сәйкес. Әріпке ие
болатын дыбыс өзінің дыбыс қоры болуымен ерекшелену керек
десек, аталған фонемалардың дыбыстық қоры мынадай:
<қ> [қ] [ақ]
ақ
, [қылт]
қылт
, [қ
о
ол
о
]
қол
, [қ
о
ұш
о
]
құш,

І
]

І
әзір] 
қазір,
[тығішіңе] 
тық ішіңе,

ОІ
өлет] 
қол ет,

ОІ
ұдірет]
құдірет
.
<ғ> [ғ] [ғасыр]
ғасыр,
[шығын]
шығын,

О
ой]
ғой
, [ғ
О
ұн]
ғұн,

І
] [жоғ
І
ән] 
жоқ ән
, [қырығ
І
ішік] 
қырық ішік
, [ағ
ОІ
өлөң] 
ақ
өлең,
[жоғ
ОІ
үн] 
жоқ үн.
<г> [г] [көгала] 
көк ала
, [көг
О
ұрсұн] 
көк ұрсын
, [тег
О
от
ұ
рұу]
тек отыру, 

І
] [гәп]
 гәп, 
[jегіз]
 егіз, 
[jегде]
 егде
, [бүг
ОІ
үн]
 бүгін
,

ОІ
өрү] 
гөрі
, [г
ОІ
үр] 
гүр.
Тілдің даму жүйесінде қатаң дыбыстан ұяң дыбысқа қарай
дауыстың жұмсару процесі белең алатын сияқты. Мысалы, XVIII-
XIXғғ. араб жазулы ескерткіштер тіліндегі 
чықармасаңыз,
йоқарыда, жолуқұсұб, достылықым, йарлықым, йаманлықына,
тынычлықын, қылғанлықы
деген сөздер бүгінде
 
ғ
 
дыбысымен
айтылып, жазылады. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілі айтылу норма-
сында <т> фонемасы [д] вариантында жұмсалатын сияқты: тат
басу – [тадбасұу] (Әдетте үйлестік қатаң дыбыстың ұяңды
өзіне айналдырып алуымен сипатталатын еді: тат басу – [тат
пасұу]). Кезінде Т.Шонанов: “Шамасы, түбінде біздің сөз
басындағы к дыбысымыз айтылымда г дыбысына айналатын
сияқты. Ал түрікмен, осман және тағы басқа оңтүстік тілдер
қазірдің өзінде г-ге айналдырып алды” деген екен.
Сонда тіларалық қатынастың, өзге тіл дыбыстық
құрамының, жазба тілдің әсерінен ұяңдану, салдырдан үннің
басымдық алуы жүріп отыратын сияқтанады.
Сонымен, қазақ әліпби құрамында <қ>, <к>, <ғ>, <г>
фонемаларының таңбалары болуы жазба тіл мен ауызша тілді
бір деп түсінген қазақ тілі үшін ұтымды шыққан деп ойлай-
мыз. Екі таңбамен төрт вариантты берген түрік, өзбек, қырғыз,
әзірбайжан тілдері бүгінде ауызша тілдің айтылу нормасынан
ауытқып отыр.
Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының
теориялық негіздері» Алматы, 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет