Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет142/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

ы,
і
әріптерінің ем-лесі
болса, бұл жайында А.Байтұрсынұлының мына көзқарасы жазу
тарихы үшін маңызды: “Оны қалдырмастан жазамыз сөздің
аяғында. Ортасында я басында ашық естілетін орында ћәм
жазбасақ кемшілік болып жоқтығы еленетін орында. Мысалы:
жаны – жанына

 
дейді ғалым.
 
Ал түбір ішінде,
 
сөз басында
 
ы
-
ны жазса да, жазбаса да солай оқитын орындарда, жазбағанда
оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажеті жоқ деп
та-бады. Мысалы:
қн
(қын),
қр
(қыр),
жлм
(жылым),
жлтр
(жыл-тыр),
мсқ
(мысық), бірақ
мсығы,
қры,
жлымы,
жлтры.
Бұл қазақ әліпбиіндегі әріптердің атауы туралы айтқан
Н.Уәлиұлының мына пікірлерінде жалғасын тауып жатады:
“Қазақ дауыссызда-ры әдетте жалаң түрде дыбысталмайды..,
біздің аңғаруымызша, сол тоғыз түрленудің ішінен
фонетикалық жағдайға неғұрлым тәуелсізі 
-бы»
.
Қазақ тіліндегі әрбір дауыссыз дыбысты жеке дыбыстағанда
қасына
ы,
і
(
к,
г
– әріптерін атағанда) қосып айтамыз. Олай
бол-са, Қ.Жұбанов айтқандай, бұл дауысты дыбыстарды буын,
не та-сымал үшін жазамыз деген дұрыс емес, “әр ережеге өзінің
әдісін шығарып алуға болады”.
Бірақ ғалым 
ы
әрпінің бітеу буындардан қалмай жазылаты-
нын ескертеді: 
қарт
– 
қарыт,
арт

арыт,
жұрт

жұрыт.
“Бітеу буынға 
ы
жазсақ, бірдей естіледі деген болып шығады”.
Тегінде А.Байтұрсынұлы жазу нормаларын тиянақтағанда
халықтық тілге табан тіреп отырған: «Емле – жазу үшін шығарған
нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып
емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» деген.
Негізгі жол: айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа бол-
сын, бір болсын) басқа жазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағнасы
басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу деп, ауызша тілмен жа-
зуды мейлінше жақындатуға тырысқан. Ендеше жоғарыдағы
сөздердің қазақ тілінің бұрынғы сөз сазында солай айтылуы
ғажап емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет