Байланысты: Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы
и әрпінің емлесіне қатысты айтылған. 1956ж.
Тіл және әдебиет институты әзірлеген
орфографияның жаңа жобасын талқылауға шақырылған жина-
лыста М.Балақаевтың қосарлы
ый, ій таңбаларының орнына
и әрпін жазуды ұсынған пікіріне С.Аманжолов қарсы шығып,
“Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы” деп санаған.
И дыбысы
ки дегенде бір әріппен,
қи дегенде екі әріппен
(
қый ) жазылды. Барлық позицияда да
и әрпінің қабылдануына
сол жылдары оқу-педагогика баспасының редакторы болып
қызмет еткен Р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды
дейді, газет тілшілері. Сөйтіп, біресе
ый (
қыйын ), біресе
и (
иық, ғылми ),
енді бірде екі варианты да қатар қолданылып
жүрген
(
қағида//қағыйда ) және жіңішке буында
и -мен, жуан
буында
ый -мен берілген
и әрпінің емлесі бір ізге түсіріле
бастайды. Десек те,
йы, йі- ге біткен сөздерге көсемшенің
й жұрнағы қосылғанда,
йый орнына бір ғана
и таңбасын жазу:
ұ
йиды, байиды –
ұиды, баиды ,
и -ды қосар таңбасымен қалдыру
сияқты екі жақты пікір-лер болды.
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса,