Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет210/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   236
у
-дың алдына 
ұ,
ү
әріптерін салудың еш қисыны жоқ” дейді ғалым.
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан
қысаң езулік қосылып айтылады. А.Байтұрсынұлының сөзімен
айтсақ, «жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін
қолданып келген қазақ” [5, 6] қысаң, жуан езіліктерді инва-риант
деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, [ый], [йы],
[ыу], [уы] болуы керек. Бірақ <й> фонемасы профес-сор
Ә.Жүнісбектің айтылым, жасалым, естілім сипаты арқылы
анықтаған айырым (дифференциалды) белгілері (тілшік,
жуысыңқы, үнді, кейінді, езулік дауыссыз) қысаң езуліктермен
дыбыстатады. Ал еріндік дауыссыз болып табылатын <у> ерін-
діктермен дыбыстатады. Сонда «исключение»
у
фонемасында
ғана. Ендеше [ұу], [үу] таңбалануға тиіс емес, фонетикалық
вариант болып табылады. Егер біз жаңа орфографияда <у>
фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда 
тауық,
сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп 
сияқты сөздерде
 
ы
 
орнына
 
ұ,
ү 
жазу керек

Өйткені дыбыстың алды мен соңы бірдей позици-
яда. Мұнда дыбыс инварианты фонема емес, дыбыс варианты
таңбаланған болып шығады. Бұл орфограммалар, әрине, қазақ
сөзінің дұрыс айтылу нормасын сақтауға көмектеседі. Қазақ
тілінің дыбыстық құрамы жаңа сауаттанатын баланың
санасына дұрыс бекиді.
Қиын сұрақ.
Егер латын графикасына негізделген жаңа
қазақ
 
әліпбиіне ауысарда осы орфограмманы таңдасақ,
тіліміздегі ерін үндестігінің қаншалықты басыңқы сипатта
болатынына келісіп алуымыз керек.
-
Құю – qǔyǔw, үю – ьyьw, сою – soyǔw, күю – kьyьw
,
 
осындай
транскрипциялық жазуды қабылдауға тілұстармандардың (про-
фессор Н.Уәли термині) санасы қаншалықты дайын?
-
Сөз аяғында, соңғы буында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет