Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес



бет2/2
Дата28.04.2022
өлшемі36,32 Kb.
#32738
1   2
Байланысты:
XX ғасыр 20 40 жж Жаңажол Ерасыл

30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:

  • саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;

  • әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;

  • ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».

Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ы. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.

1930 жылдардағы халықаралық жағдай

30-жылдардың екінші жартысында Еуропада жаңа соғыс қаупі төне түсті. 1937 жылы фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия милитаристік Жапониямен бірге «Антикоминтерндік пакт» атанған әскери-саяси блокқа бірігіп, дүние жүзін қайта бөлісу соғысына белсенді дайындық жұмыстарына кірісті. Бұл агрессияшыл блоктың саясаты тек Кеңес Одағына ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттердің мүдделеріне қауіп төндірді.

Фашистік лагерьдің күш біріктіру жағдайында КСРО өз әрекеттерін кеңейте түскен агрессорларға қарсы ашық күреске шықты: 1936 жылы - Испаниядағы соғыс, 1938 жылы - Жапониямен Хасан көліндегі «кіші» соғыс, 1939 жылы - Халхин-Голдағы кеңес-жапон соғысы болып өтті. Осындай жағдайда ашық күнгі найзағайдай әсер еткен, Молотов-Риббентроп пактісі атанған, КСРО мен Германияның арасында 1939 жылғы 23 тамызда (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан 8 күн бұрын) өзара шабуыл жасаспау жөніндегі Пактіге қол қойылды.

1939 жылы 1 қыркүйекте бұған дейін Франция және Англиямен әскери көмек жөнінде шарт жасасқан Польшаға Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Германияға қарсы Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Канада соғыс жариялады; АҚШ бейтараптығы, Жапония Еуропадағы соғысқа араласпайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.

КСРО мен рейхтің арасындағы одақ қысқа мерзімдік болса да, КСРО-ның саясаты «Антикоминтерндік пактінің» тарапынан болатын агрессияға қолдау көрсетіп, фашистік блоктың Екішні дүниежүзілік соғысты бастауына белгілі бір деңгейде жағдай жасады. Финляндиямен болған қысқа әскери қақтығыс КСРО Қарулы Күштерін ұйымдастырудағы кеткен қателіктер мен әскери техниканың, басшылық құрамды дайындаудың төменгі дәрежеде екендігін көрсетті. 30-жылдардағы армияда да болған жаппай қуғын-сүргіннен соң, әскердегі командирлік лауазымға арнайы даярлығы жоқ адамдар келді.

Басталған дүниежүзілік соғыс пен халықаралық жағдайдың шиеленісуі елдің бүкіл өмірін қайта құруды қажетсінді. Республика экономикасы әскери мүдделерді орындауға көшірілді. Бейбіт мақсатқа бөлінетін қаржы барынша қысқартылды. Өндіріс орындары қорғанысқа қажетті өнімдер шығаруға көшірілді, карточка жүйесі енгізілді. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер құрылды, халық комиссариаттары мен олардың басшыларының сала жұмысы бойынша құқықтары мен жауапкершілігі арттырылды. Басқару органдарының ұйымдастыру құрылымдарына өзгеріс енгізілді. Қазақ КСР ХШК-нің жанында жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюролар, көшіріп әкелінген тұрғындарды шаруашылықтарға орналастыру жөніндегі бөлімдер құрылып, Кеңестердің атқару қызметі күшейді. Қазақстан өнеркәсібі соғыс қарсаңында елдің экономикалық күш-қуатында маңызды рөл атқарды.

Қазақ КСР-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы

Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940 жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нәтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысы басталды. Шымкент, Ащысай және Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді. 1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды. Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті.

Еліміздің өнеркәсіпті шикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пен Жезқазғандағы түсті металлургия кеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды.

1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарған Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940 жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жол желілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты.

Химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде де іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім және тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніс комбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады.



Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті.

Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды. [1]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет