Кейбір мәселелері


Диахроника.  Тілдің  жеке  фактілерін  аламыз  да,  мысалы  осы  күнгі  адамшылық  деген  сөз  бұрын  адамшалық  болған,  келе-келе  -ша



Pdf көрінісі
бет44/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208
Диахроника.  Тілдің  жеке  фактілерін  аламыз  да,  мысалы  осы  күнгі 
адамшылық  деген  сөз  бұрын  адамшалық  болған,  келе-келе  -ша  өзгеріп,  -шы 
тұлғасына  айналған;  орыстың  день  деген  сөзі  бұрын  дин  болған,  сон  деген  сөзі 
бұрын  сын  деген  сөз  болған  десек,  яғни  заманды  қуалай  тексерсек, 
«диахроническое  языкознание»  болады.  Бірақ,  жеке  сөздердің  тарихын  тексеру 
дегеніміз  барлық  сөздердің  тарихын  тексеру  деген  сөз  емес  (диа  =  меж,  аралық; 
хроник = заман). 
Ф.  де  Соссюрдің  айтуынша,  фонетика,  морфология,  синтаксис  дегендерді 
жинап  тастап,  синтагма  реті,  ассоциация  реті  деген  «ретті»  (қатарды)  алуымыз 
керек; өйткені буынды айтқанда болсын, сөзді, сөйлемді, сөйлеуді айтқанда болсын 
оларды  бірінен  соң  бірін  тізіп  айтамыз.  Бұл  –  синтагма  (құрау),  дәлірек  айтқанда 
синтагма қатары. Бұларды айтқанда әуелі біреуі (сөздің дыбыстары:  с, ө, з), кейін 
өз  тәртібімен  қалғандары  айтылады.  Демек бұдан  синтагмалық қатардың  уақытқа 
байланыстылығы көрінеді. Мұның үстіне бұл тізбектегі объектілердің орындарын 
ауыстыруға  да  болмайды.  Бұл  айтылғандар  –  морфемдерден  бастап,  сөйлеуге 
дейінгі элементтердің тізбегі синтагма қатары болып табылады. 
Ал ассоциация қатарына келсек, оның түзілісі мынадай. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет