Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет50/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   208
Тіл бірлігі неден
 
Тіл бір адам үшін керек емес, тіл жеке адам үшін жасалған нәрсе. Тіл деген 
не? дегенде алдымен осыны ескеру керек. 
Бір тілмен сөйлесу үшін адамдар бір-бірімен аралас болуы керек, істес болуы 
керек. Мұндай бір топтың бәрі бір тілді емес, бір цехтағы адамдар да түрлі-түрлі 
тілмен сөйлейді. Сондықтан істес болу, бірге болу дегеннің өзі де жеткіліксіз. Тіл 
бірігу үшін бір мезгілдік топ құру емес, ұзақ замандар бойы бірге болу керек. 
Біздің  бірөңкей  қазақша  сөйлеуіміз  неліктен?  Ол  атамыз  бір  болғандықтан 
емес.  Ата-тегі  түрліше  болса  да  бір  тілде  сөйлейтіндер  аз  емес.  Мысалы, 
Анатолиға,  Америкаға  қожа  болып  отырған,  көп  нәсілден  құралған  құранды 
келімсектер  бір  тілде  сөйлесе,  түп  нәсілі  бір  еврейлер  әртүрлі  тілде  сөйлейді. 
Тілдің бірлігіне дін де себеп бола алмайды. Тілі, тегі бір бола тұрып, адамдардың 
кескіні  бір-біріне  ұқсамау,  басқа  болуы  да  мүмкін.  Мысалы:  татар  тілдес, 
әзірбайжан тілдес көптеген халықтардың түрлері ұқсас емес. 
Сонымен  тіл  бірлігі  неден?  Адам  –  қоғамның  үйіншігі  емес,  ұжым.  Мұны 
ескеру  қажет.  Үнді-европа  тіл  мамандары  әр  түрлі  халықтардың  тілінің  бір  болу 
себебін  олардың  тегі  (нәсілі)  бір болғандықтан  деп  түсіндіреді.  Әуелдегі  біртұтас 
тілдер  келе-келе  бөлінген  деп  біледі.  Шындығында  тілдің  бірлігі  халықтардың 
тарихының  бірлігінен,  нәсіл  бірлігінен  емес.  Үнді-европашылдардың  айтуынша, 
орыс, парсы, иран, үнді жұрттары бір атадан тарапты-мыс. Тіл жақындығын өтірік 
демейміз. Ол рас. Мәселен поляк, серб, бұлғар тілдері орыс тіліне жақын.  
Дүниеде  таза  тіл  жоқ.  Бір  біз  емес,  барлық  халықтың  тілі  солай  (қамтама 
=арабша).  Корейде  жылқыны  мал  дейді,  арабта  да  мал,  бізде  де  солай,  орыста  да 
мерин, т. б. тілдер де морен, мар болулары түрліше жорылады. Арабтың мән деген 
сөзі, орыстың меня дегені, қазақтың мен, өңге түркілердегі бән, бізбәрі дегендерді 
айырып тастау қиын. 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет