Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет60/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   208
Жуықтық  тенденциясы.  Мағынасында  өзгешелік  тенденциясы  бар  екі 
сөздің  арғы  жағында  жақындық  бола  қойса,  соның  жақындығын  білдірем  деген 
тенденция  бір  сөзден  өрбігендігін  сездіру  тенденциясы  болады  (басшы,  бастық, 
баста...).  Келтірілген  мысалдарда  үш  сөздің  де  бас  ұғымымен  байланыстылығы 
қоса таңбаланған. 
Нәтиже: мәнісі бір ұғымнан өрбіген өзі бір сөзден жасалған сөздердің біріне-
бірі  жақын  болушылығы  мағына  жағынан  байланыстылығын,  дыбыс  жағынан 
ұқсастығын көрсете отыруы – жуықтық тенденциясы болады. 
Тілде  жуықтық  тенденциясы  ғана  болса,  бір  сөзбен  екінші  сөздің  дыбыс 
құрылысы бір болып, бір сөз екінші сөзден айырылмай қалар еді.  
Тілде аулақтық тенденциясы ғана болса, бір сөзге екінші сөз ұқсамас еді, сөз 
бен 
сөздің 
арасындағы 
алыс-жақындықты 
білмес 
едік. 
Нәрселердің, 
құбылыстардың  ұшы-қиыры  жоқ,  көп,  біз  оларға  сөз  жеткізе  алмай  ақырында 
ештемені айырып атай алмай қалар едік.  
Қорытынды:  әрбір  сөз  формасы  осы  екі  жаққа  тартқан  екі  түрлі  ішкі 
тенденция күресінің нәтижесі. Тіл қызметінде осы екі тенденцияның бір жағы ғана 
билеп кете алмайды, екеуі де өздеріне тиесілі сыбаға алады. Бір-біріне қарсы мәнді 
екі тенденция дегеніміз осы.  


Кейде  жуықтық  тенденциясы  басым  болуы  да  мүмкін.  Қазіргі  «аяғыңды 
атта» дегендегі «атта» сөзі жылқы болу, ат болу дегенді білдірген. Осы күнде ол 
«жүр»  деген  бұйрық  мағынасында.  Бүгінде  ат  (жылқы)  деген  мағына  мен  жүр 
деген ұғым бір-біріне ұқсамайды, екі ұғым, екі сөз. Солай да болса дыбыстары бір, 
мағынасы  бір  сөздердің  формасы  да  жақын  болу  тенденциясы  басып  кеткен. 
Бұндағы қоғамдық мақсат – бір буынның (ұрпақтың) тілін екінші буынға түсіндіріп 
отыру.  Мұндайлар  тілде  сирек  кездеседі,  бірақ  бар.  Егер  тіл  қазіргіден  жылдам 
өзгерсе,  бұдан  10  жыл  бұрын  жасаған  ұрпақтың  (буынның)  тілін  түсінбей  қалар 
едік. Ал сирек те болса бұндай өзгерістер тілді дамытады, байытады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет