Кейбір мәселелері


үстеу деп отырғаны – орыстың «наречиесі»



Pdf көрінісі
бет192/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   208
үстеу деп отырғаны – орыстың «наречиесі», ғылым тілімен айтқанда – адвербиум 
дейтін  категория  сияқты.  Олай  болса,  бұл  сөйлем  мүшесі  бола  алатын  сөз  табы. 
Мысалы,  орыс  тіліндегі  (очень),  (точно)  сияқты  формалар  осындай  наречие 
болады  да,  өзі  сөйлем  мүшесі  болады.  «Тіл  құралдың»  да  үстеу  деп  атаған 
сөздерінің  көпшілігі,  мысалы,  «жақсы»,  «екі»,  «мана»,  «шалқасынан»  деген 
сияқтылардың  бәрі  де  сөйлем  мүшесі  бола  алатын  сөздер.  Ал,  мына  нықтаулық 
үстеу деп аталып отырған «тым», «ең», «нақ» сияқтылар сөйлемде өз алдына мүше 
бола  алмайтын,  тек  басқа  бір  түбір  сөзге,  онсыз  да  мүше  болып  тұрған  сөзге 
қосылып  қана  жүре  алатын  нәрселер.  Сөйлемге  мүше  бола  алмайтын  сөз 
мүшелерін  сөйлемге  мүше  бола  алатын  сөз  таптарымен  теңестіруге  болмайды. 
Бұлар  басқа  сөздерге  қосақталып  қана  жүре  алатын  «Тіл  құралдың»  өзінде  де 
қосалқы  деп  аталған,  тапқа  тиісті  нәрселер  болып  шығады.  Сондықтан,  үстеу 
категориясынан бұлар да шығып қалды. 
«Тіл  құралдың»  үстеу  деп  атаған  сөздерінің  бірқатары,  мәселен,  «сайын», 
«таман»,  «есе»,  «арқылы»  сияқтылар  әуелі-ақ  «Тіл  құралдың»  өзінде  бір  жерде 
үстеуге  қосылса,  екінші  жерде  жалғаулықтарға,  үшінші  жерде  демеулерге 
қосылған.  Cөйтіп,  бұларды  қандай  категорияға  қосқанын  «Тіл  құралдың»  өзі  де 
біле  алмай,  шатасқан.  Сондықтан,  бұларды  бірде  үстеу,  бірде  жалғаулық,  бірде 
демеу  деген.  Әрине,  бұлай  болуының  мүмкіншілігі  жоқ.  Бұлар  не  үстеу,  не 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет