Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет29/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

Д-Ы – v 
Д-З – с 
 
Богородцкий  «тыстық»  сөзінің  бірінші  буынындағы  ы  дыбысы  жоғалады  деп 
есептеп, оны мына формада көрсетеді: тыстық=
𝑉
𝐶
{ы.
 
Шынына келгенде «тыстық» 
деген  сөздегі  «ы»  дыбысының  салдыры  да,  ауыз  қалпы  да  жоғалмайды.  Ал  әні 
жоғалса «ы»-ның салдыры жоғалады деу дұрыс емес, негізгі фонема дауысты емес, 
дауыссыз (салдыр) дегенбіз. 
 
Дыбыстың физикалық жағы 
 
Ашшылық  –  қоңырлық.  Дыбысталған  заттың  қалтырауы  (дірілі)  –  дыбыс 
(физикаша).  Дыбыс  болғанда  (шыққанда)  ауа  бірде  қоюлана,  бірде  сирекси  жан-
жаққа  толқиды.  Бұдан  келіп  құлақ  пердесі  әрі-бері  қалтырайды.  Ауа  қоюланса, 
құлақ  пердесі  тартылады,  ауа  сиресе,  құлақ  пердесі  сыртқа  тебеді.  Белгілі  уақыт 
мөлшерінде ауа көп қалтыраса, дауыс ашшы болады (высокий звук). Белгілі уақыт 
мөлшерінде  ауа  аз  қалтыраса,  дыбыс  қоңыр  болады  (низкий  звук).  Ауа  секундіне 
16  000  рет  қалтыраса,  дыбыс  өте  баяу  естіледі;  40  000  рет  қалтыраса,  ең  ашшы 
дыбыс  шығады.  Одан  көп  болса  (40  000-нан)  дыбыс  естілмейді.  Адамның  есту 
шамасынан  тыс  көп  қалтырауын  «ультра»  дейміз,  есту  шамасынан  кем,  аз 
қалтырауын  «инфра»  дейміз.  Демек  ең  қоңыр  дауыс  16  қалтыраудан  шығады,  ең 
ашшы дауыс 40 000 қалтыраудан шығады. Дыбыс – қозғалыс категориясының көп 
тарамдарының бірі (физикаша). Естілуі дегеніміз дыбыс толқынының шапшаңдығы 
мен күшінің белгілі бір кезеңі. Дыбыс естілуі үшін сол кезеңнен артық та, кем де 
болмауы керек.  
Домбыраның  бірде  ашшы,  бірде  қоңыр  дыбыс  шығару  себебі:  біріншіден, 
ішек  неғұрлым  жуан  болса,  дыбыс  солғұрлым  қоңыр  (қалтырауы  сирек)  болады. 
Екіншіден,  жіңішке  ішекке  ауа  көп  бөгет  болмайды  (жуан  ішекке  қарағанда). 
Қатты  ішек  қатты  бұрылса,  дыбысы  ашшы  болады.  Қатты  ішек  бос  бұрылса, 
дыбысы қоңыр болады. Ішек қысқа болса, дыбыс ашшы болады. Ішек ұзын болса, 
дыбыс қоңыр болады. 
Гармонның тілі жұқа да, қалың да болады. Сондықтан оның дыбысы ашшы 
да, қоңыр да болады.  


Гармон  тілінің  жұқалығы  мен  қалыңдығы  бірдей  болғанымен  олардың 
материалы әр түрлі болса, дыбыстың қоңырлығы мен ашшылығы түрліше болады. 
Өйткені олар материалына қарай да түрленеді.  
Дыбыс  үшін  қозғалу  керек,  қозғаушы  күш  керек.  Қозғалыстың  әлді-
әлсіздігіне қарай, яғни қандай күшпен қозғалуына қарай дыбыс түрленіп шығады. 
Әр түрлі затты бір темппен қозғауға болады, бірақ бұлардың бітісіне қарай дыбысы 
түрлі-түрлі  естіледі.  Себебі  олардың  құрылысы,  қозғалудағы  шапшаңдығы  әр 
түрлі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет