Көшеде тіршілік белгілері жоқ адам табылды: есі жоқ, кеуде қуысының қимылдары көрінбейді, ұйқы артериясында пульс жоқ, жүрек қағысы естілмейді, қан қысымы анықталмайды.
Зардап шеккен адам шалқасынан жатыр, бозарған, айналасына немқұрайлы қарайды, сұрақтарға жауап бермейді. Суық тер басқан. Пульс жиі, нашар сезіледі. Сол жақ санның ішкі бетінде көлемі 10х15 см саңылаусыз жара бар, одан қан атқылап шығады.
Зардап шеккен адам есінен танып қалған, бетінде құсықтың белгісі, көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, тынысы таяз. Желке аймағында 2х2 см контузияланған жара. Орташа қан кетумен сипатталады. Оң жақ аяқтың терісі ашық қызыл түсті, көпіршіктермен жабылған.
Кейс-тапсырма
Жарақаттанудың түрін анықтау.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі.
9 $$$ Гаухар
Зардап шеккен адам оң жақ иық және сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне шағымданады. Оң жақ иық деформацияланған, оның ортаңғы үштен бір бөлігінде қалыпты қозғалғыштығы анықталады. Сол жақ тізе буынының сыртқы бетінде 2х3 см кесілген жара бар, аздап қан кету байқалады. Қоззғалысы шектеулі.