алады.
Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы
ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тэрізді болады да, тілдің
номинативті
кұралдарының саласына, заттарды, кұбылыстарды,
процестерді белгілеу кұралдарының қатарына енеді»1. Сөздердің
сөз
таптарына ажыратылатыны сияқты, сөз тіркестері де сөз
таптарына, мысалы, есім сөз тіркестері (субстантивті жэне
адъективті сөз тіркестері), етістік сөз тіркестері жэне т.б. болып
бөлінеді.
Сөз бен еркін сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының
қатарына енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес.
Біріншіден,
- сөз дара ұғымның атауы болса,
еркін сөз тіркесі
кемінде екі уғымның. бірақ бір-біріне қатысты, өзара байланысты
ұгымдардың атауы2;
екіншіден, - жоғарыда аталып өткендей,
сөз затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-эрекетті бір-біріне
қарым-қатынасынсыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі
оларды бір-бірімен байланысында атайды; үшіншіден, - сөз
сөйлеу кезінде тілде бүрыннан бар, қалыптасқан, даяр түрған
атау болса, еркін сөз тіркесі даяр түрған, бүрыннан
бар атау емес,
сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасала-
тын, олардың мағыналық жэне грамматикалык бірлігінен пайда
болатын тіркестер ретінде үгынылады, анығырақ айтқанда, сөз
тіркестері номинативті сипатқа бүрыннан
жасалып қойган, даяр
тұрған бірліктер ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық
заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады.
Тіл білімінде,
жоғарыда аталып өткеніндей, еркін сөз тіркес-
тері «сөйлем құрамында жэне сөйлем арқылы» тілдің коммуни-
кативті қүралдарының катарына енеді дейтін пікір бар. Сөз тіркесі
сөйлем қүрамында белгілі бір затты немесе белгілі бір сапаны атап
қана қоймайды, сөздердің бір-бірімен байланысуының синтаксис-
тік амалдары (құралдары) арқылы
заттың аты мен сапаның аты
Достарыңызбен бөлісу: