§ 126. Жоғарыда эрбір сөйлемде объективті-модальдық магы
на болады дедік. Сөйлемде мұнан басқа белгілі бір субъективті-
модальдық магына да болуы мүмкін. Субъективті-модальдық
мағына
сөйлеушінің нені айтқысы, хабарлағысы келсе, соған
қатысын,
атап айтқанда, түгелдей хабарға (сообщение) немесе
оның әйтеуір бір бөлшегіне қатысын білдіреді. Субъективті-мо-
дальдық магынаның қатарына күшейту
мен әсерлеу, сенімділік
пен сенімсіздік, құптау мен жактырмау жэне т.б.
осылар тәріздес
магыналар енеді. Мүндай мағыналар белгілі бір тілдік қүрал-
тэсілдер арқылы беріледі.
Сондай кұрал-тәсілдердің бірі - интонация. Интонация эр
алуан субъективті-модальдық магыналарды білдіретін тәсіл ре-
тінде қолданылады. Мысалы, лепті
интонациямен айтылған сөй-
лем алуан түрлі экспрессивті магыналарды білдіреді. Интонация
тәсілі сұраулық демеуліктермен ұштаса келіп, риторикалық сү-
рақпен айтылатын сөйлемдер жасалады да, олар эртүрлі эмоцияны
білдіреді.
Сөздердің орын тэртібі де сөйлемде
субъективті-модальдьіқ
магыналарды білдіру тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Мұн-
дайда сөздердің орын тэртібі тэсіліне интонация тэсілі келіп
үштасады. Мысалы:
Тарт цольщды Вьетнамнан! Тащ аи екенсіц
сенетін адамды! Тыңдар ол сепі!
Келтірілген
сөйлемдердің
субъективті-модальдық магыналары баяндауыштардың қалыпгы
орны өзгеріп, олардың сөйлемдердің басында айтылуы (бұл
- сөздердің орын тэртібі тэсілі) жэне онымен көтеріңкі (лепті)
интонация тэсілінің ұштасуы арқылы берілген.
Субъективті-модальдық магыналарды білдірудің бір тәсілі
- қосарлану тәсілі.
Қосарлану тэсілі қомсыну, кемсіну, күшейту,
бірнеше рет қайталау тэрізді жэне т.б. магыналарды білдіреді.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: