Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 42. М о р ф о л о ги ял ы қ тұ т а с т ы қ белгісі. Күрделі сөз де



Pdf көрінісі
бет52/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 42. М о р ф о л о ги ял ы қ тұ т а с т ы қ белгісі. Күрделі сөз де 
жалаң сөз тэрізді түрленіп, көптеледі, септеледі, жіктеледі. Оның 
сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде 
түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Күрделі сөздің жеке 
сыңарлары өздігінен белгілі бір парадигматикалық катардың 
мүшелері бола алмайды. Күрделі сөз түтасқан (бүтін) күйінде 
ғана парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мүнын 
өзі күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын, бір бүтін 
екендігін көрсетеді.
А.И. Смирницкий индоевропа тілдерінің ішінде флективті 
тілдерде күрделі сөз сыңарларының біртұтас түлғаланып, ал 
сөз тіркесі сыңарларының эрқайсысының эр басқа түлғалануын 
ескеріп, тіл біліміне 
түіпас тулгалану
(цельно-оформленность) 
және 
ажыратыла тулгалану
(раздельно-оформленность) деген 
терминдерді енгізді. Оның пікірінше, тұтас түлғалану белгісі сөзге 
(соның ішінде күрделі сөзге де) тән де, ажыратыла тұлгалану 
белгісі сөз тіркесіне тэн жэне бұл белгілер күрделі сөз бен сөз 
тіркесін бір-бірінен ажырататын ең басты таяныш ретінде негізге 
алынуға тиіс2.
А.И. Смирницкий орыс тіліндегі 
железная дорога, дом отдыха
тәрізді терминологиялық сипаты бар түрақты сөз тіркестерін 
железнодорожник, прямоугольник
тэрізді күрделі сөздермен 
салыстыра келіп, мағыналық тұтастык (оның терминологиясы 
бойынша «идиоматизм») сөздің даралығының, дербестілігінің 
белгісі екендігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, семантикалық
1Қ. Қ. Ж ұбановтың жоғарыда аталған еңбегінің 223-беті.
2 А.И . Смирницкий, К вопросу о слове (проблема «отдельности слова»). Сб.
«Вопросы теории и истории 
языка...». М., 1952. 191-203-беттер.
64


(«идиомалық») бірлік, тұтастық 
железная дорога
деген сөз тірке- 
сін де, 
ж елезнодорож ный
деген күрделі сөзге де бірдей тэн, бір- 
дей ортақ. Сөздің семантикалық тұтастық белгісі жайында ол 
былай деп жазды: «Сөзді логика-семантикалық белгі бойынша 
ажырату... дүрыс деп таныла да алмайды, қанағаттанарлық 
нәтижелер де бере алмайды»1. А. И. Смирницкий семантикалық 
тұтастық белгісін емес, сөздің тұтас тұлғалану белгісін негізгі 
белгі деп есептейді.
Сөздің түтас тұлғалану белгісінің индоевропа тілдерінің 
ішінде флективті сипаты бар тілдерде күрделі сөз бен сөз 
тіркесінің жігін ажыратуда пайдалы жэне тиімді екендігі күмэн 
тудырмаса керек. Ал бірсыпыра тілдерде, мысалы, сын есімдер 
өзінен кейінгі сөздермен тіркескенде, өзгермейтін, соның 
нәтижесінде олар (сын есімдер) көптік, септік формалары аркылы 
синтаксистік байланысқа (қиысу) түспейтін тілдерде түтас тұл- 
ғалану критерийі күрделі сөз бен сөз тіркесінің ш егін ажырату 
үшін эрқашан жарамды бола бермейді. В.М . Ж ирмунский 
бұл критерийді түркі тілдері ушін жарамсыз деп есептейді2. 
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, күрделі сөз бен 
атрибутивті сөз тіркесінің бір-бірінен қүрылысы жағынан да, 
түрленуі жағынан да айырмаш ылығы жоқ екендігін ескергенде, 
грамматикалық тұтас түлғалану деп аталатын критерий күрделі 
сөз бен атрибутивті сөз тіркесінің жігін ажырату үшін негіз бола 
алмайды. М ысалы, 
шекара, өнеркәсіп
деген күрделі сөздер де, 
темір күрек, алтын сагат
тэрізді сөз тіркестері де грамматика- 
лык жақтан тұтас түлғаланған бірліктер болып саналады жэне 
бүлар өзгеру, түрлену жағынан бір-бірінен ажырап кетпей, 
біркелкі түрленеді. М ысалға келтірілген бірліктер табиғаты 
жағынан эр басқа бірліктер, атап айтқанда, оларды ң бірі 
(текара,
өнеркәсіп)
- лексикалы қ бірлік, екіншілері 
(темір күрек, цалта
сагат)
- синтаксистік бірлік болуына қарамастан, грамматикалық 
озгеру жүйесі жагынан бір-біріне сай келеді. Мысалы: 
иіекарага,
иіекарадан, өнеркәсіпке, онеркәсіптен, темір күрекке, темір
күректен, алтын сагаіща, алтын сагаттан
жэне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет