§ 88. Енді, сөздің аналитикалык формасы немесе аналитика
лык конструкция кай сез табында жэне қандай грамматикалық
категорияларда үшырасады деген мэселеге келелік. Жогарыдагы
баяндаулардан сөздің аналитикалык формалары эртүрлі тілдер-
де көбінесе етістіктерге тэн екендігі керінеді. Аналитикалык
конструкция етістіктерден басқа қандай соз таптарына тэн деген
сүрақ туады.
§ 89. Ең алдымен зат есімдер жайында. Септеулікті тіркестер
немесе септеулікті конструкциялар1 септеудің аналитикалык
формалары болып санала ма, жок па деген сұраққа лингвистер
эртүрлі жауап береді. Кейбір зерттеушілер септеулікті конструк-
цияны аналитикалык форма ретінде таныса, кейбіреулер оны
сөздің аналитикалык формасы деп санамайды. Н.М. Александров
тіл-тілде зат есімдердің септелуі мен етістіктердің жіктелуінің
аналитикалык формалары бар деп есептейді де, тиісті септік
формалары
кандай
грамматикалык
катынастарды
білдірсе,
септеулікті тіркес те аналитикалык тәсіл ретінде
сондай
катынастарды білдіреді, сондықтан олар септеудің аналитикалык
формалары ретінде каралуға тиіс дейді2.
1 Септ еулікт і т іркест ер нем есе септ еулікт і конструкі(иялар деген дер орысша предлож ны е сочетания, предлож ны е конструкция деген терминдердін аударма- сы ретінде қолданылып отыр. Бұл ж ерде орыс тіліндегі ж эне т.б. тілдердегі предлогтардын кызметін түркі тілдерінде септеуліктер аткаратындығы ескеріл- ді. Орысша предлож ны е сочетания (н ем есе предлож ны е конструкция) дегенді предлогты тіркес деп аударуға да болады. Ал оны септеулікті т іркес д еп аударуда түркі тілдерінін ерекшелігі ескерілді. Орыс тіліндегі предлогты тіркестін магына- сы казак ж эне т.б. түркі тілдерінде септеулік тіркес арқылы беріледі. Осыған орай.