де зат есімдер бастауыш немесе толықтауыш қызметінде, сын есім-
дер тәуелді мүше - анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемде
зат есімдердің тэуелсіз мүше - бастауыш қызметінде, зат есіммен
тіркесе қолданылған сын есімнің тәуелді мүше - анықтауыш
қызметінде жүмсалуында белгілі бір зандылық бар: заттық үғым
сапалық үғымнан
басымырақ, сапа-белгі - заттың қасиеті, затқа
тәуелді қасиет. Мүндай ерекшелік орыс тілінде бірден аңғары-
лады. Орыс тілінде сын есімдер зат есімдерге тәуелді, багынышты
сөздер ретінде жұмсалып, зат есімдер қай текте (род), қай септікте
және көптік пен жекеліктің қай түрінде қолданылса, сын есімдер де
соларға бағынып,
қиыса байланысып, зат есімнің грамматикалық
формасына ыңғайласа қолданылады. Ал ағылшын тілі мен түркі
тілдеріндегі жэне т.б. кейбір тілдердегі сын есімдерде мүндай,
орыс тіліндегідей, түрлену ерекшелігі жоқ. Бүл тілдердің бэріне
бірдей ортақ белгі бар: ол — сын есімдердің тәуелді мүше ретінде
анықтауыш қызметін атқаруы.
Зат есімдер бастауыш қызметін немесе толықтауыш қызметін,
алсын есімдер анықтауыш қызметін атқарады дегеннен аталған
сөз таптары сөйлемнің басқа мүшелері бола алмайды деген үғым,
әрине, тумасқа тиіс. Зат есімдер сөйлемде қолданылу ыңғайына
карай баяндауыш қызметін де, анықтауыш немесе пысықтауыш
қызметін де атқаратыны сияқты, сын есімдер пысықтауыш қыз-
метінде немесе субстантивтеніп барып бастауыш, толықтауыш,
кейде баяндауыш қызметінде де жүмсалуы мүмкін. Алайда
сөйлемде зат есімнің бастауыш немесе толықтауыш қызметінен,
сын есімдердің анықтауыш қызметінен
басқа қызмет атқаруы
- оларға тэн басты қызмет емес, қолданылу ыңғайына қарай туған,
екінші қатардағы қызмет. Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі
- пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулердің пысықтауыштан бас
ка да кызмет атқаруы мүмкін, бірақ ондай қызмет үстеулерге
үйреншікті де, негізгі қызмет те бола алмайды. Етістіктер
жайында да осыны айтуга тура келеді. Етістіктердің негізгі
синтаксистік қызметі - сөйлемде баяндауыш немесе көсемше
түрінде пысықтауыш болу. Ал олардың қолданылу ыңгайына
қарай кейде бастауыш, толықтауыш қызметінде жүмсалуы екінші
қатардағы қызметі ретінде саналуға тиіс.
Жогарыда сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмүнына
185
олардың сөз тіркесінде және сөйлемде
басқа сөздермен тіркесу
ерекшеліктері де енеді дедік. Сын есімдер заттың сынын, сапасын
білдіру қызметіне орай, эдетте, зат есімдердің алдында тұрып,
олардың аныктауышы болады да, етістіктер заттардың қимыл,
іс-эрекетін білдіріп, әдетте,
олардан кейін тұрады, баяндауыш
қызметін атқарады. Үстеулер қимылдың, іс-эрекеттің сынын,
мезгілін, мөлшерін, күйін білдіреді, осыған орай, етістіктермен
тіркесіп, олардың алды нда түрады. Түркі
тілдерінде көмекші
есімдер,
септеуліктер,
индоевропа тілдерінде
предлогтар
заттардың бір-біріне немесе іс-әрекетке қатысын білдіруіне
орай, зат есімдерге тіркеседі, басқа сөз таптары на емес, зат
есімдерге тікелей қатысты көмекші сөздер ретінде үғынылады.
Артикльдер де басқа сөз таптары на емес, зат есімдерге қатысты
жэне соларға тэн көмекші сөздер ретінде танылады. Осыған
орай, артикльдер зат есімдермен тіркесе қолданылады. Ал
еліктеу сөздер етістіктермен тіркеседі,
солардың алды нда
орналасады.
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен жалпы категорияльды
магынасы, морфологиялык жэне синтаксистік белгілері арқылы
ажыратылады. Бүл белгілердің ара салмағы сөз таптарының
барлығында бірдей бола бермеуі мүмкін. Мысалы, ағылшын тілі
мен түркі тілдерінде сын есімдер мен үстеулер морфологиялық
көрсеткіштерге бай емес. Осылай болгандықтан, аталған тілдерде
сын есімдер мен үстеулер басқа сөз таптарынан сөз түрлендіруші
формаларга тапшы болуы жагынан
жэне жалпы категорияльды
магына мен синтаксистік қызмет деп аталатын белгілері жагынан
ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: