Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет19/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   174
2. Т ү бір м о р ф ем а м ен негіз
Түбір (немесе негізгі) морфема мен сөздің негіздері жайында 
кейбір ойлар жоғарыда, сөздің морфемалық бөлшектері жайында- 
ғы баяндауларда айтылды. Түбір морфема мен сөздің негізі 
жэне олардың табиғаты туралы қосымша ойлар мен деректерге 
тоқталамыз:
§ 22. Түбір морфема сөздердің әртүрлі лексика-грамматикалық 
топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. 
Мысалы, 
бас
морфемасы 
бастъщ, басшы, баспа, баспалдац,
басиіылыц
деген зат есімдердің де, 
басты, бассыз
деген сын 
есімдердің де, 
баста, бастат, басцар
деген етістіктердің де түбірі 
болып саналады.
Ал негіздің (основа) түбірден айырмашылығы сол, ол 
сөздердің эртүрлі (эр басқа) лексика-грамматикалық топтары 
үшін емес, олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының 
формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы 
жоғарыда аталган зат есімдердің де, сын есімдердің де, 
етістіктердің де - бэріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, 
бастъщтар, бастыща, бастъщтан, бастыгың, бастыгы
деген 
зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз
- б асты қ, ал 
бастап, бастагалы, бастаган, бастайтыны
деген 
етістіктердің формаларының бэріне бірдей ортақ негіз - баста.
1 В. Н. Ярцева, Сопоставительный анализ структуры слова в современны х
германских языках. Сб. «Проблемы морфологического строя германских языков»,
М., 1963, стр.7.
25


Басқара, басцарып, басқаргалы, басқаргаи, басцарар, басқаратын
деген етістік формаларының негізі б асқар болып саналады. Бүл 
айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема -
сөздердің қандай лексика-грамматикалык топка (қай сөз табына) 
жататындыгына карамастан, олардың бэріне бірдей тән, күллісіне 
бірдей ортак, баршасына бірдей негізгі үйытқы болатын элемент 
те, негіз - белгілі бір лексика-грамматикалык топқа (сөз табына) 
қатысты бір сөздің эртүрлі формаларының бэріне бірдей ортақ 
үйытқы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет