алмайды.
Кэрі жылцы
анықтауыш пен анықталғыш сыңарлардан
құралған синтаксистік сөз тіркесі болса,
кэрі ж ілік
- сөз тіркесінің
сыңарларының анықтауыш жэне анықталғыш қабілетінен айы-
рылып, лексикалануының нәтижесінде жасалған күрделі сөз.
§ 56. Күрделі сөз, жоғарыда аталып өткеніндей, семантикалық
тұгастық белгісімен сипатталады. Мысалы,
кэрі ж ілік
деген
күрделі сөздің кұрамындағы сыңарлардың эрқайсысы эр басқа
мағынаны емес, екі сыңары тіркескен күйінде біртүтас мағынаны
(«жіліктің бір түрін») білдіреді. Бүл күрделі сөздің
кәрі
деген
сыңары өзінің әдеттегі номинативті мағынасын, мысалы,
кәрі
адам
деген синтаксистік сөз тіркесіндегі
«царт»
(қарсы мағынасы
—
«ж ас»)
деген магынасын сақтамай, магыналық дербестіктен
айырылған. Күрделі сөздің сыңарларының бірінің мағыналық
дербестіктен айырылуы оның (күрделі сөздің) біртұтас мағынага
ие болуына экеледі.
Синтаксистік сөз тіркесінің қүрамындағы эрбір сөз өз алдына
дербес ұғымды білдіре алса, күрделі сөздің әрбір сыңары мүндай
мүмкіндіктен айырылып, күрделі сөз түтасқан күйінде бір гана
ұғымды білдіреді. Мысалы,
кәрі жылцы
деген синтаксистік сөз
тіркесінің
кәрі
деген сыңары да,
жылцы
сыңары да сөз тіркесінің
құрамында келгенде, жеке түрғандағы ұғымын да, магынасын да
сақтайды. Мұны аталған сөз тіркесінің құрамындагы сыңарлар-
дың сөйлемнің дербес мүшелері бола алу мүмкіндігінен де көруге
болады. Ал
кэрі ж ілік
деген күрделі сөздің эрбір сыңары жеке
қолданылғанда білдіретін ұғымдарынан айырылып, біртұтас
ұғымды білдіреді. Осыған орай, аталған күрделі сөздің эрбір
сыңары өз алдына сөйлем мүшесі болу мүмкіндігінен айырылып,
түтаскан күйінде сөйлемде бір гана мүше болады.
Күрделі сөздің синтаксистік түтастығы оның семантикалық
түтастығына негізделеді. Екінші сөзбен айтқанда, күрделі сөз
синтаксистік жақтан мүшеленбей, сөйлемде бір ғана мүше ретінде
қызмет атқаруы оның семантикалық жақтан бөлшектенбейтін,
біртұтас лексикалық бірлік (біртұтас сөз) болуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: