білдір, күттір, оргыз, шстщыз, тіккіз, сөйлет, иісщырт, өңдет
т.б. Түркі тілдерінде тілдің тарихи даму барысында өзгелік етістің
бірсыпырасы лексикаланып, туынды етістікке айналған да, өзгелік
етіс формасында айтылғанмен, мағынасы жағынан өзгелік етіс
болудан қалған. Мысалы,
кептір, өткіз, тарат тэрізді етістіктер
өзгелік етіс формасында айтылғанмен, олар өзгелік етіс қызметін
аткара алмайды. Бүл етістіктердің өзгелік етіс мағынасына ие
болып, оның қызметін атқару үшін, оларға косымша өзгелік етіс
аффикстері жалғануы шарт (мысалы:
кептір-гіз, өткіз-дірт,
тарсіт-цыз, тарат-тыр).
Түркі тілдерінде етістіктің каузатив формасы, мейлі ол сабақты
етістіктен жасалсын, мейлі салт етістіктен жасалсын, эрқашан
сабақты етістік мағынасында қолданылады»1.
Етіс категориясы салт етістік және сабақты етістік деп
аталатын үғымдармен тығыз байланысты. Етіс жүрнақтары салт
етістікті сабақты етістікке, жэне керісінше, сабақты етістікті салт
етістікке айналдыра алады. Мысалы:
күл (салт етістік) -
күлдір
(сабақты етістік),
жаз (сабақты етістік) -
жазыл (салт етістік)
жэне т.б. Етістіктің салт немесе сабақты болуы оның мағынасымен
байланысты. Салт етістік пен сабақты етістік бір-бірінен формасы
жагынан емес (бүлардың ешқайсысының да өзіне тэн жэне бірін
екіншісінен ажырататындай формалары жок), мағыналары мен
синтаксистік касиеті жагынан (тура толықтауышты керек ету не
керек етпеу қасиеті ж агынан) ажыратылады. Етістің белгілі
бір түрі бүтіндей сөзге емес, сөздің формасына тэн, соган
катысты болса, салтты лы қ пен сабақтылық сөздің белгілі
бір формасына емес, бүтіндей сөзге (етістікке) гэн қасиет
ретінде танылады. А ны гырақ айтканда, салт немесе сабақты
болатындар етістіктің белгілі бір формасы емес, біртүтас, бір
бүтін сөз ретінде танылатын етістіктің өзі. Етістіктің салт
немесе сабақтылығы оның (етістіктің) бір немесе бірнеш е
формасына емес, түтас етістікке, оның күллі ф ормалары ның
жиынтыгына тән. Етіс формаларын тудыратын аффикстердің
салт етістікті сабақтыга немесе, керісінше, сабақты етістікті салт
етістікке айналдыратындыгы жогарыда айтылды. Алайда ондай
аффикстер салт немесе сабақты етістіктің формалары ретінде
Достарыңызбен бөлісу: