Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 39. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажырату проблемасы-
ның күрделілігі мен қиындығы тек түркі тілдеріне, соның ішінде
казақ тіліне гана емес, басқа да көптеген тілдерге бірдей қатысты.
Мысалы, бұл жайында агылшын тілін зертгеушілер былай дейді:
«Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажырату үлкен қиындықтарға
соқтырады. ...Күрделі сөзді тұрақты, фразеологиялық, кейде тіпті
еркін сөз тіркесінен ажыратып алу проблемасы әлі де болса өзінің
жалпы, түпкілікті шешімін таба алмай келеді»’. «...Ағылшынша
зіопе, лүаіі, зреесһ зоипсі, саппоп Ьаіі жэне т.б. осы түрдегі топтар
неміс тіліндегі зіеіпегпе \Үапсі (тас цабырга - каменная стена) тэрізді атрибутивті сөз тіркесі ме немесе неміс тіліндегі 8і:еітүапсІ
(сөзбе сөз тас қабырга - камеи стена) тэрізді күрделі сөз бе — осы
жөнінде ағылшын грамматикасында... нәтижесіз айтыстар туып
отыр»2.