Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет74/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   237
1 Бұл д а сонда,  190-беті.
3  В.М .  Жирмунский,  О  границах  слова.  Сб.  «М орфологическая  структура слова  в 
языках  различных типов».  М .- Л .,  1963,  стр.32.
65


Ал  орыс  тілінде  күрделі  сөз  грамматикалық  жақтан  тұтас 
тұлғаланады  да, 
сөз 
тіркесінің  сьщарларының  эрқайсысы 
өзінше  тұлғаланады.  Мұны  төмендегі  күрделі  сөздер  мен  сөз 
тіркесінің  өзгеру,  түрлену  ерекшеліктерінен  көруге  болады: 
ж елезнодорожный
седобородый; 
железнодорожного, 
седо­
бородого;  железная  дорога,  седая  борода;  железной  дороги, 
седой  бороды.  Бұл  салыстырулардан  мынандай  қорытынды 
шығады: 
орыс  тілінде  тұтас  тұлгалану  күрделі  сөзге  тэн  де, 
ажырата  тұлғалану  сөз  тіркесіне  тэн,  ал  түркі  тілдерінде  (соның 
ішінде  қазақ  тілінде)  тұтас  түлғалану  күрделі  сөзге  де,  темір 
күрек тәрізді атрибутивті  сөз тіркесіне де бірдей тэн.  Орыс тілінде 
атрибутивті  сөз  тіркесінде  анықтауыш  сыңар  мен  анықталғыш 
сыңардың  әрқайсысы  өзінше  өзгеріп  түрленсе,  қазақ  тілінде 
(сондай-ақ,  жалпы  түркі  тілдерінде)  анықталғыш  сыңар түрленіп, 
аныктауыш  сыңар  ешбір  өзгеріске  үшырамайды  да,  темір  күрек, 
қалта  сагат  тэрізді  атрибутивті  сөз  тіркестері  құрылысы  мен 
формасы жағынан басцүр, өнеркэсіп тэрізді күрделі сөздерге сэйкес 
келеді.  Демек,  түркі  тілдерінде  күрделі  сөз  бен  атрибутивті  сөз 
тіркесінің  жігін  ажырата  алатындай  формальды  белгі  жоқ.  Орыс 
тілінде  сөз  тіркесінен  күрделі  сөзді  ажырататын  тұтас  түлғалану 
белгісінің  түркі  тілдерінде  атрибутивті  сөз  тіркесі  мен  күрделі 
сөздің  жігін  айқындауға  жарамсыздығының  себебі  бұл  тілдерде 
(түркі  тілдерінде)  аталган  бірліктердің  арасында  формалық 
айырмашылықтың болмауында жатыр.
Сөздің тұтас тұлғалану  белгісі  түркі  тілдерінде  күрделі  сөзді 
атрибутивті  сөз тіркесінен  ажыратуға жарамсыз  болғанымен,  оны 
(күрделі  сөзді)  сөз  тіркестерінің  басқа  түрлерінен,  мысалы,  ма- 
таса байланысқан сөз тіркестері  (мысалы:  агаштың ж агырагы, 
судың  агысы,  күннің  ыстыгы,  цыст ы//  суыгы  ж әне  т.б.)  мен 
меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестерінен  (мысалы:  тауга  иіыгу, 
цаладан  келу,  суда ж үзу жэне  т.б.)  ажыратуға  көмектеседі.  Сон- 
дай-ак,  сөздің  тұтас  түлғалану  белгісі  күрделі  сөзді  ажыратыла 
тұлғаланатын  миаилбауын  көтеру,  мүрны на  су  жетпеу,  мүртын 
балта  шаппау,  төбе  шаіиы  тік  түру  тэрізді  фразеологизмдер- 
ден  ажыратуға да жәрдемін тигізе  алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет