Академик В.М. Жирмунский септеулік конструкдиялардың
аналитикалык сипаты бар екендігін айта келіп, олардың 1)
синтаксистік кызметі жағынан да, мағынасы жағынан да
септіктердің эквиваленті болып табылатындыгын; 2) тілдердің
тарихи дамуы барысында септіктермен катарласа қолданылып,
оларды
жартылай
немесе
толық
алмастыратындыгын;
3)
септеуліктердің
бастапқы
заттык
мағынасынан
айырылып,
абстракты синтаксистік байланысгы білдіруі нәтижесінде грам-
матикалык септіктер тэрізді болып өзгеретіндігін көрсетеді1. В.М.
Жирмунский орыс тіліндегі
в городе -
на даче, в магазине — на
заводе тәрізді предлогты тіркестерді аналитикалык конструкция
деп санайды да, түркі тілдерінде септік жалғауларының абстрак
ты мағынаға ие болып, орыс тіліндегі предлогтардың қызметінде
жұмсалатын іші тэрізді көмекші сөздердің нақтылы мекендік
мағынаны білдіретіндігін, соның нәтижесінде
столдың ішінде,
стопдыц іиііне тэрізді тіркестердің аналитикалык сипатка ие бола
алмайтындығын айтады2.
Проф. В.Н. Ярцева предлогтарды септік жалғауларымен
теңдестіруді қолдамайды. Оның пікірінше, предлог «сөз тіркесінің
мүшелерінің арасындағы катынасты білдіреді, бірак олардың
біреуіне телінбейді»3. «Предлог сөз тіркесінің екі мүшесін бір-
бірімен өзара байланыстырады... жэне олардың екеуіне бірдей
телінеді... Сөйтіп предлогтың өзінің екі жақтылық қатынасы оған
өте-мөте тэн белгі болып табылады»4. В.М. Жирмунский предлог
туралы бүл түокырымның тек предлогтарға гана емес, жанама
септіктерге де қатысы бар екендігін (әрине, морфологиялық
тұрғыдан емес, синтаксистік тұргыдан), мысалы, индоевропа
тілдерінде ілік септіктің немесе барыс септіктің жалгауы мор-
фологиялык тұргыдан сөздің қүрамына енгенімен, белгілі бір
предлог тәрізді «екі жақты байланысқа» ие болып, синтаксистік
жақтан ол жалғау «сөз тіркесінің екі элементіне» - меңгеретін
элементке де, меңгерілетін элементке де (оның бөлшегі ретінде)
Достарыңызбен бөлісу: