Есеней жарықтық келіп жатпаса ғой, Ұлпанжаннан айрыламыз да қаламыз. (Ғ.Мүсірепов)
Есенейдің не айтатынын Шыңғыс ертеден түсінетін. (Ғ.Мүсірепов)
Нәзира әпкем көздері күлімсірепбасын изеді. (С.Мұратбеков)
Шіркін, сол кездежер үстінде бізден бақытты жан болды ма екен?! (С.Мұратбеков)
Ол – тек қана Меңтайдың махаббаты. (Ә.Нұршайықов)
Екі-үш күн қонақтағаннан кейін біз Бәтестің ауылынан аттанып кеттік. (С.Мұқанов)
Онымды ұнатпағандай, төрге отыра берген әкем маған алая бір қарап қойды. (С.Мұқанов)
Дөңгелей қонған ауылдың сыртын орағытып кеп үлкен боз үйге жақындасақ, ішінде Қарекең бар, бірнеше әйел, еркек тыста күтіп тұр екен. (С.Мұқанов)
Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. (Мақал)