Келісемін” Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


-2021 оқу жылының талдауы



бет2/4
Дата28.05.2022
өлшемі34,99 Kb.
#35838
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаттары

2020-2021 оқу жылының талдауы

2020-2021 оқу жылында 7 «В» сыныбында 24 оқушы оқыды. Оның ішінде 11 қыз, 13 ер бала. Ұлттық құрамы қазақтар. Оқушылардың танымдық-зияткерлік қабілеттері биік. Оқушылардың ұстаздармен қарым-қатынастары, сыныптың ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы, мектепішілік шараларға белсене араласады.


7 «В» сыныбының жылдық үлгерім есебі: озат оқушылар саны –3 , екпінділер саны – 4.


Оқу сапасы – 75%, үлгерімі – 100%.


Оқу жылының басында 2020-2021 оқу жылына арналған мектептің тәрбие жұмысының жоспары Ақтөбе облысындағы тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған бағыт-бағдарламасының мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің Тұжырымдамалық Негіздерімен күшейтілді.Оқу жылының басында сыныптағы тәрбие жұмысының мақсат-міндеттері айқындалып,тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді. Сонымен қатар,оқушылардың және ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды. Мектеп,педагогикалық ұжым, жағдайы төмен,аз қамтылған және көп балалы жанұя балаларымен үнемі жұмыс атқарып келеді. Сынып жетекшінің тәрбие жоспары тексеріліп бекітілді. Тәрбие сағаттары 9 бағыт бойынша құрылды.


Олар: Қазақстандық патриотизм және азаматтық-құқықтық тәрбие,Ұлттық тәрбие,Отбасы тәрбиесі,Рухани-адамгершілік тәрбие,дене тәрбиесі,сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәрбие, Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, Қоршаған ортаны, өзін-өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу, Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие,Зияткерлік және ақпараттық мәдениет тәрбиесі, Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты. Барлығы 34 тәрбие сағаты өткізілді.





2021-2022 оқу жылының мақсат-міндеттері
Мақсаты: Баланы жан-жақты мәдениетті, қазақ халық педагогикасы қағидаларына бағыттап, алдыңғы қатарлы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. Озық педагогикалық-психологиялық тәжірибені қолдана отырып, қазақтың ұлттық төл мәдениеті, салт дәстүрі, әдет-ғұрпы арқылы жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру.


Міндеттері:



  • Жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып , толық сапалы білім алуға жағдай жасау;




  • Оқушылардың бойында адамгершілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық, өзін-өзі қадірлей алатын, өзіне талап қоя алатын қасиеттерге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;




  • Жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыру. Табиғатты аялап, оны қорғай білетін азаматты тәрбиелеу;




  • Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет