Байланысты: Дене шынықтыру перспект жоспар ортаңғы тобы 2022 2023
Келісілді №79 НОМ КММ жанындағы шағын-орталығының әдіскері Шайкенова А.А. ________________ 2022 ж.
Келісілді Директор №79 НОМ КММ ______________Жазыбеков А.С. «31» тамыз 2022 жыл
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 -2023 дене шынықтырудан ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Негізгі қимылдар:
Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 м қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру.
Жалпы дамытушы жаттығулар
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:
қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);
заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру;
қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артқа апарып шапалақтау;
қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.