Келісім Мен, түсуші, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-v «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата27.04.2022
өлшемі400,01 Kb.
#32496
  1   2   3   4   5


Келісім 

 

Мен,  түсуші,  Қазақстан  Республикасының  2013  жылғы  21  мамырдағы  №  94-V  «Дербес 

деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік 

құқықтық актілеріне сәйкес, дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес  келетін кез келген заңды 

тәсілдермен  (автоматтандыру  құралдарын  пайдалана  отырып  немесе  осындай  құралдарды 



пайдаланбай  фото,  видео  және  бейнедемонстрацияларды,  оның  ішінде  ақпараттық  дербес 

деректер  жүйелерінде  пайдалану  үшін)  мерзімі  шектелмей,  менің  дербес  деректерімді  өңдеуге 

келісім беремін. 



Мен: 

 -  тыйым  салынған  заттардың  бірін  ғимаратқа  кіргізуге  тырысқаным  үшін  және  тестілеу 

кезінде пайдаланғаным үшін тиісті жою актісі жасалатынымен;  

-  кіргізу  барысында  "бөгде  тұлға"  анықталған  жағдайда,  түсуші  "бөгде  тұлғаны"  тартқаным 

үшін тестілеуге жіберілмейтінімен;  

-  тестілеу  аяқталғаннан  кейін  күнтізбелік  жылдың  аяғына  дейін  Ұлттық  тестілеу  орталығы 

тестілеудің  бейнебақылау  жазбаларын  қарауды  жүзеге  асыратынын  және  тестілеу  жүйесіндегі 

түсушінің  іс-қимыл  журналын  (логтарын)  тексеруді  жүргізетінін,  егер  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуді 

өткізу  және  «Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  тапсырғаны  туралы  сертификат  беру»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет қағидаларының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 



жылғы  2  мамырдағы  №  204  бұйрығымен  бекітілген) (бұдан  әрі  –  Қағидалар)  75,  80-тармақтарына 

сәйкес  бұзушылық  фактілері  анықталған  жағдайда,  тестілеу  нәтижелерім  жойылатындығымен 

таныстым. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет